1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні


Erketai / Ноя.28.2014. / комментариев 6

Мақсаты:

Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнектіліктер:

Елбасы суреті.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.

Балалар:

Саламатсыздар ма!

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар!

Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші:

Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:

Ол біздің президентіміз!

Тұңғыш президент күні, Елбасы күні ашық сабақ, тәрбие сағаты президент күні

Тәрбиеші:

Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар:

Астанада!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда не бар?

Балалар:

Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар:

Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайық.

Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден туды

 құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен?

Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген?

Балалар:

Күн, бүркіт, ою.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Балалар:

Көк!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін

 қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.

Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:

Шаңырақ!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,

 отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар:

Ат бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.

Шаршадыңдар ма балалар?

Балалар:

Иә, шаршадық!

Тәрбиеші:

Кәне келіңдер сергіту сәтіне.

 

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

 

Қорытынды:

Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші:

Ол кім?

Балалар:

Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:

Қазақстан!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені

білдіреді?

Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Орнымыздан

 тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық.

smile

комментариев 6 Пікір қосу

  • Тамаша, сайттарыңыз керемет екен. Маған ұнады. Тағыда осындай тәрбиешілерге керек жұмыстар көп сала берсеңіздер екен деймін.

  • Керемет жасалған жұмыстар!!! Өте қуаныштымын!!!

  • оте керемеет сайт)) жогары денгейде

  • Өте керемет

  • керемет маған ұнады

  • Жақсы сайт.Керегіңді табуға болады.Маған ұнады.Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!