«Терезедегі ертегі» жобасы

Жобаның түрі: танымдық-тәжірибелік.
Жобаның қатысушылары: тәрбиелішер – балалар – ата-аналар.
Жобаның ұзақтығы: 3 ай (ақпан, наурыз, сәуір).
Жобаның мақсаты: балалар және ата-аналарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Міндеттері:
 Балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай тудыру, көру зейінін, есте сақтау, қабылдау, ойлауын дамыту.

 Табиғатты аялай білуге үйрету. Тәжірибелерге сүйене отырып жаңа алған білімді бекіту;

 Сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту, сын есімдерді, етістіктерді қолдануды үйрету;

 Қолдың ұсақ қол моторикасын дамытуды қарындаш, қылқаламмен жән мүсіндеудің түрлі жұмыс дағдыларын жалғастыру

 Еңбексүйгіштікке, үлкендерге көмек көрсетуге, өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу

 Бау-бақша, жеміс-жидектермен байланысты көркем шығармалармен таныстыру

танымдық тәжірибе. Күтілетін нәтиже:
Балалар:
— Жеміс-жидектер, өсімдіктер туралы жан-жақты білімдерінің қалыптасуы
— Тілдік құзыреттілігінің өсуі – түрлі қасиеттері бойынша салыстыру, сұрақтарға жауап беру, қарапайым шешімдер жасау.
— Танымдық және шығармашылық қабілеттерінің өсуі

Ата-аналар
— Отбасында баламен қарым-қатынас түрлерінің молайуы;
Тәрбиешілер
— Осы бағытта педагогикалық біліктіліктің жоғарылауы, міндеттерді іске асуры жолдарын іздеу. Балалармен жұмыс барысында жаңа әдістемелдерді пайдалану

Алдын ала жүргізілетін жұмыс

— Жоба маңызы бойынша ата-аналарға кеңес
— Тақырып бойынша кітап көрмесі
— Суреттер, демонстрациялық метриалдарды қарастыру
— Суреттерді бояу
— Көркем әдеби шығармаларды оқу

Табиғат туралы жоба. Жобаның кезеңдері

1. Дайындық кезеңі: (ақпан)
мақсаты мен міндеттерін анықтау, ақпарат жинау, терезедегі бақшада жұмыс жасауға жағдайлар жасау, жұмыс жоспарын құру
2. Негізгі кезең: (наурыз-сәуір)
• жоспарланған іс-шаралар өткізіледі
3. Қорытынды кезең: (сәуір, соңғы апта)
• шығармашылық есеп беру
• жеңімпаздарды анықтау, марапаттау

Пікірлер5
  1. Айнагүл

    жоба жақсы денгейде курастырыпты рахмет

  2. Куралай

    Қайырлы күн, менің ойымша осындай жобалар көп болуы керек. Балаларға ертегілер айтып, қазақ тілін дамытуы керек. Жарайсыздар!

  3. Асем

    Мына жоба жақсы жасалыпты бірінші рет көруім жас маманға керек жоба

  4. Сауле Жары

    Жоба жоспары жақсы құрылған және өз мақсатына жеткен. Жобадағы жасалған жұмыс түрлеріә нақты көрсетілген

  5. Булбул

    Сәлеметсіздерме,бұл жоба сәтті шыққан жоба деп атауға болады.Себебі қазақ тілді жобалар саиттарда сирек кездеседі.Осындай жобалар балабақша мен отбасы ынтымақтастығын арттыра түседі.Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақты байланыс бала тәрбиесінде басты рөлді атқарады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ