«Табиғатты танып біл» пікір


Erketai / Май.16.2016. / Пікірлер жоқ

Автор аталған еңбегінде балаларды айнала қоршаған ортамен, табиғатпен таныстырудағы серуеннің алатын орнына ерекше көңіл бөле отырып, мектепке дейінгі ересек жастағы балалар тобына арнап серуендер жинағын құрастырған. Серуен жылдың төрт мезгіліне сәйкес топтастырылған. Мұндағы бақылау мен зерттеу жұмыстары әр мезгілдің ерекшелігіне сай ойластырылған. Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыра отырып, айналаны танып білуін қалыптастыруға, табиғаттағы еңбекті ұымдастырудың жолдары қамтылған. Табиғат жеке тұлғаның қалыптасуына, оның ақыл-ойының дамуына, адамгершілік-рухани қастеттерінің қалыптасуына, еңбек және дене тәрбиесі тұрғысынан өсіп жетілуіне өте жақсы әсер ететіндігі ескерілген. Баланы айнала қоршаған ортамен, табиғатпен таныстырып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп баптауға, аялауға үйретудің және серуенді ұйымдастырудың әдістемесінің нақты көсетілуі мен серуендегі іс-әрекеттердің құрылымының сақталуына, балалардың танымын дамытуға, еңбекке баулуға, табиғат табиғат жайлы

құбылыстары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге назар аударылған. Автор өз еңбегінде аталған мәселелерді өз алдына мақсат етіп қойып, көп ізденгені, көп жылдардағы іс-тәжірибесін қолданғаны көрініп тұр. Жинаққа Қазақстанның балалар ақындарының шығармалары, халық ауыз әдебиетінен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тыйым сөздер сол сияқты халық болжамдары пайданалынған. Жыл мезгілдеріне сәйкес өткізілетін серуендерде ұйымдастырылатын бақылау, ойын, еңбек іс-әрекетінің мазмұны жан-жақты ашып көрсетілген және серуен балалар үшін қызықты, жалықтырмайтындай қызықты болуы керектігі ескерілген.
Аталған еңбек ересектер тобында жұмыс істейтін қазақ балабақшаларының тәрбиешілері үшін арнайы дайындалғандығын ескеріп іс-тәжірибені қала көлемінде таратуға және баспадан жариялауға ұсынуға болады.

Автор: Айсұлу Елеусізова

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!