Оқу іс-әрекеті «Біз жайлауға барамыз»

Білім беру саласы — Көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу, шығармашылық.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Біз жайлауға барамыз»

Оқу іс- әрекетінің мақсаты: балаларға білім бере отырып , ұлттық тәрбие дәстүрінде тәрбиелеу. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен терең таныстыру. Төрт түлік мал- халқымыздың байлығы, тарихымызға тікелей байланысты екенін түсіндіру. Ұлттық ою өрнек туралы білімдерін тереңдету, салт-дәстүрімізді қолдана отырып ұлтжандылыққа, отанын сүюге, еңбек сүйгіштік, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жайлау, күбі, ертоқым, сырмақ, суат

Қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстанның сұлу табиғаты бейнеленген үлкен жайлаудың көрінісі, киіз үй, домбыра, ер тоқым, күі, сырмақ, ұлттық тағам түрлері, төрт түліктің пішіндері, үнтаспа.

Іс – әрекет кезеңдері.

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог шаттық шеңберіне тұрғызып оқу іс әрекетін бастайды.

* Балалар, қайырлы күн! Біздің тобымызға көп қонақтар келді. Қане ,қонақтармен амандасайық.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы,

Құтты қонақ келіпті

Ізетпенен бас иіп,

Біздер сәлем береміз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Балалар бірге амандасады

* Сәлеметсіздер ме?

* Балалар хормен, қимыл қозғалыстарын қайталайды.

* Балалар, қане, өлең шумағымызды қимыл арқылы қайталап айтайық.

Биік таулар,жапан дала,

Гүл жазира, көл теңіз

Әдемі ғой қашанда

Біздің туған өлкеміз.

(Н.Әлімқұлов)

Балалар бір сәт өз елімізді, отанымызды көз алдымызға елестетейікші. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер ?

Балалар өз ойларын білдіреді.

* Өзінің туған жері.

* Үйі, отбасы.

* Ол атамекен.

оқу іс әрекеті салт дәстүр— Дұрыс айтасыңдар балалар. Отан – ол біздің атамекен, туған же. Бұл- ең жоғарғы құндылық, асыл ұғымдардың бірі, отан- бұл кең байтақ Қзақстан. Табиғаты сұлу тау мен тасы, өзені мен көлі, мәңгі бейбітшілік орнаған қазақ елі.

— Біздің ата-бабаларымыз төрт –түлікті тарихымен байланыстыра отырып, біздің байлығымыз деп бағалаған, мал шаруашылығымен айналысып, салт – дәстүрімізді сақтай отырып, жазда жайлауда, қыста қыстақта өмір сүрген.

— Балалар сол жайлауды өз көздеріңмен көргілерің келе ме?

Балалар педагог әңгімесін мұқият тыңдайды.

— Иә, біздің жайлауға барғымыз келеді.

— Алақай жайлауға барамыз!

Балалар көтеріңкі көңіл –күймен әуенді тыңдап жайлауға келеді.

— Олай болса, қанекей, жайлауға саяхат жасайық, барлығын өз көзімізбен көрейік. Жайлаудан көп нәрселерді көоіп үйреніп қайтайық!

Балалар қатарға тұрып, шеңбер бойымен топты айналып жүреді. Топта «Саржайлау » әні естіледі.

Кең даланың жайлаудың суреті салынған киіз уй, ұлттық бұйымдардың макеті қойылған жайлауға келеді. Шулаған төрт-түлік малдың шуылы естіледі.

— Балалар, төселген көрпешелерге жайғасып отырайық.

— Балар, мынау жайлау. Алдарыңдағы төрт- түлік мал суат басына су ішуге келе жатыр.

Суат малдардың су ішетін орыны. Құдық басынан арнайы жасалған орын. Балалар, қане, қайталап айтып есте сақтайық!

— Суат.

«Ат- ердің қанаты» деп атайтын дана халқымыз жылқыны қадірлеген. Жылөы мінсең- көлік, жесең-ет, қымызы дәруменге бай. Бірге қайталайық, жылқы төлі- құлын!

Сиыр ет өнімі береді. Терісінен түрлі заттар жасалады. Айран, сүтін, қаймағын жемеген қазақ баласы жоқ шығар. Сиыр төлі- бұзау.

Түйе малы нағыз –көлік. Қымыраны мен шұбаты дертке дауа. Жүнінен жылы киімдер тоқылады. Түйе төлі- бота.

Ал қой шаруашылығы- халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі. Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Қой- ет, жүн, сут өнімдерін береді. Қой төлі- қозы, қошақан. Ешкі төлі- лақ.

— Дыбыстарды ажыратайық ойынын ойнайықшы.

Үнтаспадан үй жануарларының дауыстарын тыңдайды, дыбыстарын қайталап айтады. Қай төлдің дыбысы екенін ажыратып айтады.

Балалар хормен қайталайды

— Суат.

— Жылқы

— Құлын

— Сиыр

— Бұзау

— Түйе

— Бота

— Қой

— Қозы

— Ешкі

— лақ

Сергіту сәті: бір оңға , бір солға

Ғажайып сәт: топқа атай келеді.

— Қош келіпсіңдер, балалар! Жайлау салт – дәстүрімізді, ата- баба тарихын еске түсіреді. Мына киіз уй айналасындағы заттар барлығы біздің қол өнеріміз, қарақтарым.

— Атай, сіз, балалармен бірге жоғарыға шығыңыз. Мен балаларға таныстырайын . киіз уй- ою-өрнектеге, әсем бұйымдарға толы екен. Қазақта «қошқар мүйіз», « құстұмсық », «құс қанаты» сынды ою өрнек түрін көп пайдаланған. Қараңдаршы, балалар, күбі тұр. Күбі айран пісіп, май алатын ыдыс. Қане бірге қайталайық.

— Ал, мынау ер тоқым. Оны атқа ерттейді. Адам атта жайлы отырады. Ер тоқым .

— Балалар, қараңдаршы! Мұнда керемет ою –өрнекпен безендірілген сырмақ төселіпті. Сырмақ- төсеніш түрі. Сырмақ үстінде ұлттық аспапты көріп тұрсыңдар. Ол қандай аспап?

— Жарайсыңдар балалар.

— Күбі

— Ертоқым

— Сырмақ

— Домбыра

Атай:

— Балалар, қазақтарда тәлім тәрбиеге шақыратын тыйым сөздер көп.

Мысалы: малды ұрма- мал сенің ырысың дейді. Сүтті «Ағарған» , «ақ дән» деп төгіп шашпайды.

Сүт төгілсе: обал деп аяғымен баспайды- деген. Салт –дәстүрімізді қадірлеңдер балалар! Қане, қолдарыңды жайыңдар бата берейін:

Ардақтадың атаңды

Мен берейін батамды.

Силап ата-ананы

Азамат бол саналы,

Білімің де мол болсын,

Денсаулығың зор болсын,

Сәтті боп әр қадамың

Бақытқа жет қарағым.

Балалар қолдарын жайып, батаны мұқият тыңдайды.

— Аумин

— Сау болыңыз ата!

Педагог оқу іс әрекетін жалғастырады.

— Балалар, біз жүрегімізде бес құдыретті қадірлеп, сақтауымыз керек. Олар: туған жер, туған тіл, туған дәстүр, туған тарих, ата ананы қадірлеу. Осы бес құдыретті үлкен сүйіспеншілікпен құрметтейік.

— Балалар, Мирастың Отан жайлы керемет тақпағы бар екен. Бәріміз тыңдайықшы.

— Балалар, қане, үш топқа бөлініп, ұлттық салт дәстүрімізді еске түсіру үшін жұмыстар жасайық.

1-ші топ «сырмақты» әшекейлеу оюды түйме арқылы түймелейміз.

2-ші топ «қошқар мүйіз» ою-өрнегін ермексаздан жасалған етікке моншақ арқылы басамыз.

3-ші топ «сүзбешені» алақанымызға салып, өз қолымызбен ұлттық тағам түрі «құртты» дайындаймыз.

Балалар, жұмысқа кіріскен кезде топта күй ойнап тұрады.

Педагог балалардың іс-әрекетін қадағалап, бағыт береді.

— Балалар, дайын болған дүниелерімізді үстел үстіне қоямыз.

— Айтыңдарщы ,кім салт- дәстүрге байланысты тақпақ береді?

Мирас мәнерлеп тақпағын айтады, балалар тыңдайды.

Аида тақпақ айтып береді.

Қорытындылау

Педагог балаларға өткен іс – әрекетті сұрақ жауап арқылы қорытындылайды.

— Балалар, біз қайда болдық?

— Жайлауда не көрдік?

— Жайлауда болдық

— Төрт-түлік малды, күбі, ер тоқым, сырмақ , домбыра.

— Бес құндылыққа не жатады?

— Туған жер, туған тіл, туған дәстүр, туған тарих, ата- ананы құрметтеу

Педагог балаларды қайта шаттық шеңберіне жинайды. Балалар хормен қоштасады.

Орнымыздан тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық.

Топта «Атамекен» әуені естіледі

Балалар әнді тыңдап топтан шығады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақ халқының салт дәстүрінтұрмыс –тіршілігін, төрт- түліктің қасиеті мен пайдасын

Игереді: балалар өз қолдарымен ұлттық бұйымдарды жасауды.

Меңгереді: қазақ халқының басты төрт құндылығын. Отанды, атамекенді сүюді. Жайлауды мал шаруашылығы мен адам шруашылығы мен адам өміріне маңызын.

Пікірлер1
  1. Бахтыгуль

    Сабақтың құрылымы өте жақсы жасалған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ