Менің сүйікті кейіпкерім

«Атығай жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Менін сүйікті кейіпкерім
2016-2017 оқу жылы

ТЫРНА МЕН ЖИРАФ

Кез болып таң қалысты
Екі ұзын сирақты.
Маңғазданып танысты:
– Мен тырнамын,
– Мен Жирафпын.

Жираф:
– Онда білдім, –
Төне түсті тырнаға,
Тырна да оған күлімдеп,
Былай деді ырғала:

Құстар маған таңдана,
– Неткен ұзын сирақ? – деп,
Мазақтайтын:
– Аумаған
Ұшып жүрген «Жираф» деп.

– Е, мені де, ендеше,
Кемсіткен-ді бір надан:
«Алпамсадай демесе,
Аумайсың, – деп, – тырнадан».

М.Жаманбалинов

Құрметті ата-аналар! Түрліше бетперделер киіп, өздеріңнің сүйікті кейіпкерлеріңнің атынан сөйлеуге төселіңіздер. Балалармен бірге кейіпкерлерге айнала ойнау-тамашаның тамашасы. Бала да шат, сіз де бір жасарып шыға келесіз!

keipkerim
Өлеңімен өз сөзімен айтып көр!

І
Ата сөзін ұғар тауып
Сөйле болып «Шұбар тауық»

ІІ
Бұзау-бұқа, қозы-қошқар,тоқты-лақ
Не деп әнге басып еді.
Онда-мұнда шапқылап?

ІІІ
Лақтарға келіп өлең айтқан кешкілік
Қасқырды, кәне, жіберші бала ешкі ғып.

ІV
Қорғаған басын қолтырауын,
Салып көр қатты ауыруын?

V
Рет-ретімен барлық бала айтыпты,
Мақтақыз қалай қайтарыпты қатықты?


Таяқ жеген бишара «Қотыр торғайды»,
Жолға сап ,кәне, қай бала оны қорғайды?

VІІ
Балқаймаққа шылаған,
Бауырсақты мен де сұрағам.
Өлеңін бірақ ұмыттым,
Қарапайым құраған
Сөздеріме бермеді.

«Еңбектің болар өнбегі»…
Деп ата-әже тақпақтап
Өлеңімді жөндеді.

Бауырсақ сен де бол дағы,
Сөйлескін әрбір кездескен
Кейіпкерлермен жолдағы!

ІХ
Жиіркенішті баланы сен мазала,
Бұрқыратып жуындыр да, тазала.
Атыңды бер салтанатты «Кірқоймас»,
Мазмұныңды айтып берген балаға.

Х
Ақылыммен барлығынан озамын,
Кейде бимін, кейде Алдар, Қожамын.
Күлдіртемін барлығыңды таң қылып,
Көрсетемін жамандарға сан қылық.

ХІ
Түлкі болып қиындықтан құтылам,
Кейде ұтсам, кейде өзім ұтылам.

ХІІ
Білсем деймін қадіріңді қолдағы
Төрт түліктің қадірлісі, қорғаны.
Түйе болып мен сөйлеймін ендеше
Қалайша ол шын достықты қолдады?

ХІІІ
Мысалдар мен ертегілер сұрайды,
«Жыл он екі ай» кейіпкеріне еніп,
Қайсы бала ертегі сөз құрайды?

Дайындаған: Танат Әсемгүл Қанатбекқызы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ