Қоңыраудағы көрініс


Erketai / Ноя.10.2016. / Пікірлер жоқ

Мектептегі қоңыраудағы көріністі тамашалаңыздар.

Мектеп коридоры. Қоңырау соғылады. Кезекші мұғалім тұрады. Сыныптан шыққан балалар бір-бірін қуалай жүгіреді. Бір-бірімен соқтығысып, жүгірген балалар. Біреуі ысқырып өтеді. Біреуі аузына сызғышын салып алып өтеді.
Кезекші мұғалім оқушыларға: жүгірмеңдер, ал сен неге сызғышыңды аузыңа саласың, егер алдыңнан басқа жүгірген оқушы соғып кетсе, тамағыңа кірмейме?-дейді тоқтатып.
Осы кезде басқа мұғалім өтіп бара жатады. Алдынан шыққан оқушы, мұғалімді соғуға сәл қалады. Мұғалім тоқтай қалады. Ал оқушы жүгіре өтеді.
Қоңырау кіруге соғылады. Оқушылар ары-бері жүгіре сыныпқа кіреді.

көрініс сценарийі

 Жүргізуші:

Біздің ата-аналарымыздың айтуынша, мектептегі кезінде «қоңыраудағы көрініс» былай болған деседі, ендеше тамашалаңыздар.

Мектеп коридоры. Қоңырау соғылады. Екі кезекші мұғалім тұрады. Оқушылар сыныптан шығып, жүгірмей, өтіп жатады. Кенеттен мұғалім өтеді. Ал оқушылар тізіліп тұра қалады да, сәлем беріп, жол береді.
Кезекші мұғалімдер сол қалпында тұрады. Тағы бір мұғалім өтеді, алдынан шыққан екі оқушы сәлемдесіп, жол беріп, тұра қалады.
Қоңырау кіруге соғылады. Оқушылар сыныпқа кіреді.

 Жүргізуші:

Оқушылар! Мектеп біздің екінші үйіміз, ал ұстаз- екінші анамыз.
Мәдениетті, әдепті адамдар үйде, бөлме арасында жүгіріп, алдынан шыққан ата-анасын, іні-қарындастарын соғып өтпейтіні белгілі. Жақсының жақсы қасиеттерін үйреніп, бойымызға дарыта білейік. Әдептілікті үйрену- адам болуға жетелейді.
Осы көрсетілген екі көріністің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін түсінесіздер деген ойдамын. — деп аяқтайды.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!