Компетентті қарым – қатынас арқасында жанжалдың алдын алу

Мақсаты:
— Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
-Сергек қимыл, ширақ ой, сезімтал жүрекпен өз кәсіптеріне, өзіне деген қызығушылық тарын одан әрі жандандыру;
— Жеке тұлғалық қасиеттерін ашу.
Сіздерде бүгін бір – бірімізге айтатын, ішіңізде тұрған маңызды нәрселерді сыртқа шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Осындай жағдайларды, қолайлы сәттерді жоғалтып алмаңыз.

Бұл жалғанда адамға адамнан басқа дос, жолдас жоқ.. Дүние де, байлық та, атақ та, даңқ та, билік те адамға жолдас бола алмайды. Олай болса адамдар бірін – бірі құрметтеп, силап, қолдау көрсетіп, демеп жіберіп, көңілдерін аулап отыруы абзал.

Адамның өмірі адаммен, бірінсіз – бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым – қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты, өз ортасында сыйлы бола алады. Адамдар арасындағы қарым – қатынас , шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені ол үлкен көпір, сол көпір қылт етсе сынып кетуі мүмкін.

Дәл бүгін сіздер өздеріңіздің ақыл – ойларыңыздың дамуын қадағалайсыздар. Мен керек нәрсені оқимын. «Мен ақыл – ой қарым – қатынасына жалқау болмаймын. Шыдамым жеткенше қызық нәрселерді, логикалық ойларды оқимын, ойлаймын. Сондықтан дәл бүгін мен барлығына жақсы көңіл – күймен қараймын» — деп қайталаңыздар.

«Мен – ол мен » тренингі

Арқаңызды жазып, ыңғайлы отырыңыз. Көздеріңізді жүмып, терең дем алыңыздар.
«МЕН» — таза сезім орталығымын.
«МЕН» — өзімнің барлық психикалық үдерістерімді, эмоциямды, интеллектімді меңгерген адаммын.

Менің барлық жетістігім мен жеңілісім, дұрыстығым мен қателігім өзімдікі. Мен өзіме жеткіліктімін, мен өзімді жасай аламын. Мен өте тамаша адаммын.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз!Педагог – мамандарға арналған тренинг.

«Геометриялық фигуралар»

Мақсаты: Өзін — өзі тану. Темпераментті анықтау.
Қораптың ішіндегі өздеріне ұнаған геометриялық фигураларды алады, сол бойынша анықтама беріледі.
үшбұрыш — сенімді, күшті, жігерлі, ұстамсыз, атаққұмар, қайсар.
Дөңгелек – қайырымды, сезімтал, ынжық, демократиялы, әділ, еңбексүйгіш.
Төртбұрыш – ұмтылғыш, шыдамды , төзімді, табанды, тиянақты, шығармашыл.
Толқын сызық – тез қозатын , ойшыл, тұрақсыз, сезімтан, айнымалы, тұрақсыз.
Тіктөртбұрыш – тұрақсыз, тез тіл табысқыш, жан – жақты, батыл.

«Маған ұнаған түс»

Бірнеше түстер беріледі. Осы түстердің ішінен өзіңізге үнағанын таңдаңыз.
Ақ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Балалалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
Күлгін – Ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.
Қызыл — шапшаң мінезді, жүмсақ жүректі, жұмысты дер кезінде орындайтын, тәуеклшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
Сары – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күттіретін адамдар деп сіздерге осындай мінездеме беруге болады.
Көк – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.
Жасыл – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақ көңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді , тұрақты жандар.

«Кім зерек» тренингі

Мақсаты: Зейінді анықтау.
Шектеулі уақыт ішінде алдарыңыздағы бейберекет жазылған әріптер арасынан бірнеше сөздер тауып жазып шығу керек. Кімнің сөзі көбірек болады екен.
«Аашпгоппартайвнртерезевнаапташоопкклыгсағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбаспалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалңмрыгадиректорвпыкумаманқызметкервепагнгорпсихологиятольпнқарлығашчсммиитбастықвапрролтілекпроллшбақытенгшщшаттықзщшгол…»

«Аңдар мен жәндіктер» тренингі

Мақсаты: Өзін — өзі тану.
Барысы: Сіздер алдымен өздеріңізге ұнайтын үш жануардың атын бірінші қарарға, екінші қатарға өзіңізге үш ұнайтын жәндіктер атын жазуыңыз керек. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемді тыңдап, оқылған сөйлем арасында пауза болған жерге өзіңіз жазған сөзді ретімен қойып отырады, яғни өзінің кім екенін анықтау.

Қорытындылау:
1. Мені жұрт…………. деп ойлайды.
2. Мені………………… деп ойласа екен деп ойлаймын.
3. Дәл өзіңізім ……….. сияқтымын.
4. Мен жұмыста…………………. сияқтымын.
5.Жарымның алдында……………………. сияқтымын.
6. Негізі мен…………….

Көріп есте сақтау жаттығулары

Мақсаты: Естіп және көріп есте сақтау қабілетін анықтау.
Барысы: Сіздерге 12 таңбалы сан беріледі. 30 секунд көресіздер. Зейін қойып сол сандарды есте сақтауға тырыс. Плакатты алып тасталынады, сол кезде сіздер сол сандарды еске түсіру арқылы параққа түсіреміз.

Естіп есте сақтау жаттығуы

10 сөз оқылады, орындарын ауыстырмай қайталап жазып шығамыз.
Мысалы: жарық, көңіл – күй, жұмыс, кітап, әйнек, көру, үй, қасқыр, машина, ағаш.
Нәтижесі:
Егер 10 сөзді түгел орынын ауыстырмай айтып шықса,есте сақтауы — өте жақсы
8 – 9 сөз болса – жақсы.
6 – 7 сөз болса – орташадан жоғары.
4 – 5 сөз болса – орташа.
6. «Жүректен жүрекке» тренингі
— Қане, бәріміз шеңбер құрып тұрып, кімнің немесе ненің мейірімді екеніндігін мына жүрекшені ұстап тұрып кезегімен жылы сөздерді айтып шығайық.
— Күлімдеген күн мейірімді!
— Жарқыраған ай мейірімді!
— Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
— Таза мөлдір су мейірімді!
— Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
— Аяулы анам мейірімді!
— Қадірлі әкем мейірімді!
— Еркелетке атам мейірімді!
— Әлпештеген әжем мейірімді!
— Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
— Отбасымыз мейірімді!
— Елбасымыздың жылы жүзі мейірімді!
— Бейбітшілік өміріміз мейірімді!
— Тату – тәтті достарым мейірімді!
Осымен біздің психологиялық тренинг сабағынан алған әсерлеріңізді ауызша немесе жазбаша қалдыруға болады. Қатысқандарыңыз үшін рақмет!

Пікірлер1
  1. Куралай

    Өте керемет тренингтер. Тәжірибемде көп тренингтер қолданғанды жақсы көрем. Маған мында кім зерек тренингі қатты ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ