...

Эссе: «Мамандығыммен мақтанамын»

Мен, Жұбаниязова Гүлжайнар Саматқызы
Қазақстандай байтақ елдегі
Қарапайым қазақтың баласымын
Отбасында отағасымның дарасымын
Бір ұл, бір қыздың анасымын
«Мөлдір» балабақшасындағы бүлдіршіндердің
Тәрбиеші-данасымын.

Халық даналығы «Бір жыл өмір сүргің келсе егін ек, Он жыл өмір сүргің келсе ағаш отырғыз, ал мәңгілік өмір сүргің келсе ұрпақ тәрбиеле»-деген екен. Ұзақта терең ойланып мынадай тұжырымға келдім.
Әкем балажан еңбекқор адам, ал анам 27 (жиырма жеті) жыл балабақша тәрбиешісі, жас маман тәрбиелеген тәлімгер. Алға Облыстық балалар үйінде бүлдіршіндерге өз бойындағы бар тәлімін, тәрбиесін арнаған жан.
Мен де балапандарды әсем өмір әлеміне жақындатып, қабілеттерін ашып, ой-танымдарын кеңейтіп, шығармашылыққа баулып өз қабілетімді, білімімді, талантымды, мүмкіндігімді, ой байлығымды арнауды ұйғардым.
Бала адамның бауыр еті демейме, осы жеке тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта, өсіп-өнер алтын ұясы-отбасы екендігін түсіндім. Байланысым шексіз. Бала тәрбиесінде отбасының өнегесі үлкен рөл атқаратындығы баршаға аян.
мамандық эссеҚазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесінде, қосар үлесімде. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойын тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп түсінемін.
Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, өз атын еркін айтады, бала жүрегінен орын аласың. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені болып табылады. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, судың тұныұтығына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін, шын ниетім, себебі жетер жетістігімде баланың арқасы.
Баламен арамыздағы сыйластық сезімді қалыпты ұстанамын да жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы-тәрбиеші болғаныма мақтанамын.

Пікірлер2
  1. Назерке

    Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада.Өте жақсы жазылған мақала.

  2. Назерке

    Тәрбие мен білім егіз деп жатады.Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада.Өте жақсы ой түйетін мақала екен.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ