Ел қорғауға әзірміз

Сабақ мақсты: Отанды сүюге және оны қорғауға тәрбиелеп, адамгершілікке баулу.

Білімділік мақсаты:
Әндегі қайталанатын буындарға қосылып,айту. Оны ойын әрекеттерімен сүйемелдеу. Балаға негізгі қимылдарды үйрету. Әнді марш екпінінде үйрету.Музыканың әр түрлі жанрларын қабылдауды үйрету. Музыкаға деген құштарлығын арттыру. Патриоттық сезімдерін арттыру. Табиғатпен байланысты дүниені қорғауға соны сыйлауға баулу.
Коррекциялық дамытушылық мақсаты:
Ән айту, музыка тыңдау қабілетін дамыту. Әнді дұрыс айту ережесін сақтап,ән орындау мәнерін дамыту. Ойлау, есте сақтау, ырғақты сезіну, дыбыстарды салыстыру және зейінін тұрақтандыру, музыканың оның жоғарлығына, күшіне, ұзақтығына, тембріне қарай ажырату; балаға бар қоршаған шындық туралы түсініктерді молайту, жаңа музыкалық түсініктерді қалыптастыру; балаға музыка әуеніне қарай ырғақты және бейнелей қозғалу қабілетін, қимылды музыканың ырғағы мен қарқынына қарай үйлестіруді дамыту. Табиғатпен байланысты дүниені қорғауға соны сыйлауға баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Ән мен музыка тыңдау арқылы, баланың эстетикалық мәдениетіне тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын ояту.
Көрнекті құралдар: Сырнай, «Күзеттегі солдат» иллюстрациясы, музыкалық аспаптар.
Сабақта қолданылатын музыкалық құралдар:
1.«Шекарашылар туралы ән» балалар осы әнмен залға кіреді.
2. «Ел қорғауға әзірміз» әні: Күнсайын. Қуатбаев
3 Сергіту сәттері жаттығулар жасату. «Қайық», «Қар жауды»
4. Би қимылдарын үйрету «Полька» биі
5 Ойын ойнату «Балақан да алақан»

el-korgauga-azirmiz-1Сабақ барысы:
Балалар сыныпқа «Шекарашылар» әнімен кіреді. Балалар музыка тілімен амандасады.
Сә- ле-мет –пе балалар!!!
Сә-ле-метсіз бе апай!!

Балалар амандасқаннан кейін, отырғызып әнгіме жүргіземін.
1. Сендер залға кірген музыка не туралы?
(Солдат туралы)
2. Бұл ән марш жайлы ма?
(Иа марш жайлы)
3. Табиғат көрінісі туралы не деп тұр музыка?
(қорқынышты қараңғы түн, тып-тыныш халық ұйқыда)
4. Солдат дененіміз кім?- халық тыныштығының күзетшісі.

Осындай кіріспе –әнгіме барысында, балаларға Отан, солдат, табиғатқа байланысты тақпақ, жұмбақтар айтамын.
Тәтті ұйқысын баланың,
Шат күлкісі ананың,
Тыныштығын қаланың
Ырыс нуын даланың.
Қызарып күн батса да,
Ағарып таңатса да,
Күзетіп тұр қас қақпай,
Шекарада сақшы аға.
Ойнар бала бақшада,
Гүлденсін деп жас ұрпақ,
Күзетіп тұр сақшы аға.

Осы өлең шумақтарын баланың санасына жеткізіп, талдап алған соң, балалармен дауыс жаттықтырамын.
Балалардың тұтықпасы болғандықтан бір тыныста дұрыс дем алып, ән айту ережелерін қадағалаймын.
МА-МО-МУ –МЫ, ТА-ТО-ТУ,ТЫ.
РА-РО-РУ-РЫ:

Сөйлудегі дем алуды, әр түрлі дауыс ырғағын және дауыс кірісін қалыптастыру.
— Төменгі жақты еркін төмен қарай түсіру
— Түтікше жасау, жымию.
— Жоғарғы ерінді көтеріп, қызыл иекті және тісін көрсету.
— Төмегі ерінді түсру сияқты жаттығулар жасату.
әні: Күнсайын. Қуатбаев «Ел қорғауға әзірміз»
Әнді ырғағымен дұрыс айту үшін графикалық суретін тақтаға суретін сыздырып, қолмен бірнеше рет шапалақтау керек немесе аяқты көтеріп марш екпінінде айтқызу.
Әнің сөздерін жаздырамын.

1. «Ел қорғауға әзірміз» әні: Күнсайын. Қуатбаев
Аязда да тоңбаймыз
Аптапқада төземіз,
Түнде де жол барлаймыз,
Суда еркін жүземіз.
Қайырмасы:
Бұл шақта,бұл шақта,
Кішкетаймыз қазір біз
Кішкентай болсақ та,
Ел қорғауға әзірміз.

2 Біз Отанды сүйеміз,
Біз Отанға адалмыз
Көгілдір ту — иеміз,
Қалай жасық болармыз.
smiling kids with colourfull hands

Жаңа әнді тағыда бірнеше рет сырнайда балаларға айтқызамын.

Сергіту сәтін жүргіземін.

Тік ұста бойыңды.
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағыда.
Жеткіз жираф мойынына.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.

Аяқтары тыпырлап,
Күлкілері сыңғырлап,
Шаттанады қол бұлғап.
Ұшынан басып аяқтың,
Тік тұрайық жығылмай.
“Қайық”
Мазмұны: Ыдыстағы суға қағаздан жасалған қайықты жіберіп, оған баланы ұзақ әрі толқынды үрлету керек. Ойын барысында баланың іс-әрекетін:

Жүйрік жел, жүйрік жел,
Қайығымды қимылдат
Толқындарды тербелтіп,
Көк теңізге ала жет.

Мазмұны :Кез келген қалам немесе ағаш шығырықты алыңыз (жіптен босаған). Осы затты тегіс үстелдің бетіне қойыңыз да, балаға “үрлеу” керектігін айтыңыз. Деммен ол зат айналып домалайды.

“Қар жауды”
Мазмұны:Бұл жаттығу барысында мақтадан домалақтап немесе жұлып-жұлып “қар түйіршіктерін” жасаймыз. Баламен бірге үйде “қар” жаудырамыз. Бала “қар түйіршіктерін” дұрыс үрлеу керек.
Қар ұшқыны аспанда
Қиыршықтап ұшады
Қанатты аппақ құстардай
Жердің бетін құшады.
Би үйрету «Полька» би қимылдарын таныстыру
1. Екі рет шағымды секіру және үш қадам топылдатып жүру. Бұл қимыл екі тактіге орындалады.
2. Полька қимылы. Әннің өлшемі: 2/4 такті алдында оң аяғын алға тура көтеріңкіреп, сол аяғымен аздап секіріп, бір дегенде оң аяқтың ұшымен алға басып, кәне дегенде сол аяқты оң аяқтың артына ұшымен қойып,2 дегенде оң аяқпен толық табандап алға басады. Және дегенде оң аяққа дәл секіріп,сол аяқты тізесін бүкпей сәл алға көтереді. Балалар жұбы бірінің артынан бірі бөлменің сол жақ бұрышына барып тұрады. Әр жұптағылар қолдарын бірімен –бірі айқастырып алдыларына ұстайды.
Міне, осындай би қимылдарын үйреткеннен кейін ойын ойнатамын.
«Балақан да алақан» ойынның шартымен таныстырамын.
Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады.Сол қолының үстіне оң қолын салып, алақандарын беттестіріп, шапалақтауға ыңғайлайды. Музыка ойнаған кезде, балалар ән ырғағына ілесіп, қол соғып, өлең айтады. Алақандарын басқалардан бөлек, жаңылыс соққандарне басқадай қылығымен ойын тәртібін бұзғандар «кінәлі бала» болып табылады. Оларды ортаға жеке шақырып, кәнасын ақтау үшін өлең, тақпақ айтқызып, би билетемін.

Авторы: Мамырбай Гулім

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ