Дыбыстар мен әріптер сыры

 

Дыбыстар әлемі

kirispes1
«Н»
Нарға мініп аламын,
Нағашыма барамын.
Нулы, нұрлы, гүлзарда
Ойнап асыр саламын.

«Ғ»
Қарға шаншып шаңғыны
Қарға қырда қаңғыды.
Ұстауға көл шабағын
Шағалалар аңдыды

«Д»
Дина келді Данаға
Дереу шық деп далаға
Дүкен жасап ойнаймыз
Деді,- анау араға.

«С»
Банан да «С» тәрізді,
«С» бастап тұр сағызды.
«С» дан бастап жазасың
Садақ, сақа, сәбізді.

«М»
Меруерт, Маржан, моншағын
Майгул тізіп ойнайды.
Маңғазданып маңында
Мысық мұртын майлайды.

 «Ң»
Қоңыр күзде мұңайып,
Қаңбақ ұшып домалар.
«Қыс келді» деп қуанып,
Шаңғы тепті балалар.

«Е»
Еріккен есек кезінде,
Тігіпті етік өзіне.
Бұны көрген емен
Есекке «жарайсың» деген.

«Ұ»
Ұшқыш, ұлу, ұстара,
Ұл да, ұн да, ұста да
«Ұ» әріпінен басталар,
Ұмытпа, есте ұста да.

«Ж»
Жаз да келді жадырап,
Орман қайта жаңарды.
Жидек теріп жапалақ,
Көңіл- күйі оңалды.
Көңіл- күйі оңалды

«Б»
«Балық» сөзі
Басталса «Б» әріпінен
Балық өзі
Деп тұр ғой «Б» әріпі- мен

dibistar-men-aripter
Жұмбақтар

«А»
Басы жоқ, екі беті,
Жүз тісі бар,
Қақ бөлер бөренені
Өз күші бар. (Ара)

«Т»
Орманда тұрады,өзі бір қу,
Жүрген жері, айғай мен шу.(тоқылдақ)

«П»
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)

«Н»
Дастарханның басты асы. (Нан)
Өзі қатты,
Бірақ тәтті (Науат)

« Ғ»
Анада жоқ,
Ағада бар.
Шегеде жоқ
Тағада бар. (Ғ)

«Р»
Құрама темір,
Қолқабысы көп-
Ғұлама темір. (Робот)
«Л»
Тастан- тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула онын тұрағы (Лақ)

«У»
Бір басы имек,
Бір басы үшкір сырық.
Қатар-қатар тұрып,
Күнбез сынды шеңберді
Көкке тіктеп көтерді. (Уық)

«Ш»
Қысы- жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін
Жаралғандай асылдан. (Шырша)

«Й»
Талда жоқ,
Тайда бар.
Самда жоқ
Сайда бар. (Й)

«О»
Бір түгел үш бұты бар,
Көтергенінің құты бар. (Ошақ пен қазан)
Қуыста қызыл әтеш билейді (От)

«Д»
Бір құрсақты,
Екі құлақты,
Он екі белбеулі,
Бір түймелі,
Екі желілі,
Күйдің көрігі,
Әннің көлігі. (Домбыра)

«М»
Адам пішіндес,
Айтсаң, түсінбес
Киім тоқымас,
Кітап оқымас. (Маймыл)

«Б»
Қанаты бар ұшпайды
Жұрт айламен ұстайды (Балық)

«Ы»
Кесе шыны, пиала
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді. (Ыдыс- аяқ)

«Ж»
Шұбарала дүлей,
Шұбартылған үрей (жылан)
«Ұ»
Тыпырлаған сайын толысқан,
Секендеген сайын семірген. (Ұршы

«Ы»
Дайын шаңғы,шанамыз,
Ойынға бір қанамыз.
Тек: «тоңдыңдар»-деп бізді
Шақырады анамыз.

«Ң»
Ұшқанда өлең айтады,
Қоңғанда жер қазады.
Мұныда ойлап көрейін,
Шешуін кім табады. (Қоңыз)

«С»
Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле.
Кигіздім биік төбеге. (Сәукеле)

Авторы: Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Камалова Г.М.

Пікірлер1
  1. Нургуль

    Өте керемет. Баланың тілін дамытуға жақсы тапсырма??

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ