Балғын күндей балапанға

«Атығай жалпы орта білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

БАЛҒЫН ГҮЛДЕЙ БАЛАҚАНҒА

Дайындаған: Танат Әсемгүл Қанатбекқызы

2016-2017 оқу жылы
ҚЫЗЫҚТЫ ОЙЫН

БҰЛ – ПІЛ,
Тұмсығымен-шланг,
Бұлақтан кеп су алды.
Аю оны уыстап,
Бау-бақшаны суарды.

МЫНАУ – ҚОЯНДАР
Олар қой боп жайылды

БІРЕУІ МАЙМЫЛДЫҢ
Құланды
Ат қып мініп ап,
Жыланды таяққа іліп ап,
«Мал» қайырды
Шопан болды айбынды.

Бегемот – машина
Горилла – шоферы болды..
Бегемот жайбасарға
Жарасар ма?
Сүзе құлап балшықты
Теңкиіп жатып алды,
Белшесінен батып қалды.

баларға тақпақтар
– Мен телемұнарамын, – деп,
– Тапжылмай тұра аламын, – деп,
Керік мойнын кере қойды,
Тырна оны кере қойды.
Төбесіне қона қойды,
«Антенна» бола қойды.

– Ей, қараңдар!
Екі аяқты адамдай,
Жүре алам! – деп кенгуру,
Қаздиып тұра қалды,

Мойнын бұра қалды,
Сосын тағы елеңдеп,
– Сендерге жеміс терем, – деп,
Қалтаға
Қол сұға қалды.
Өзге аңдардың
Біріне –
Шошқашы,
Біріне –
Бақташы,
Біріне –
Аспазшы, – деп ат қойды.

Осы кезде орманнан,
Бір топ жыртқыш лап қойды.

Түлкі қоянға,
Барыс бұланға,
Қасқыр құланға тап берді.

Апыр-топыр, ұзақ күн.
Аямай азу, тұяқты,
Жақсы ойынды бұзды олар
Тентек бала сияқты.

Ал, балалар, аң-құстар
Ойынды қалай ойнады?
Ойынға қалай тоймады?
Тентек баланы еске сап,
Ақын нені ойлады?

Оқиға – осы баяғы,
Не болды дейсің аяғы?

ҚҰРМЕТТI АТА-АНАЛАР!

Белгілі балалар ақыны М. Жаманбалиновтың жоғарыда берілген мысал-ертегісі ересектер тобында баланың кейіпкелер атынан сөйлей білуіне, ертегі-мысалдар мазмұнын әңгімелеуге, өз атынан контаминация құрастыру дағдыларын қалыптастыруға өте ыңғайлы. Ертегіден алынған үзінді мен иллюстрациялар 5-6 жастағы сәбилерге өздеріне жақын кейіпкерлерімен таныстыра түседі, балаға шығармадан эстетикалық ләззат алуға ықпал етеді.

Ал, сендер, балалар! «Қызықты ойын» оќиѓа-
сына араласқан қызықты кейіпкерлер туралы мәтіндерді жалғастырып, ойдан монолог-әңгіме құрастырыңдар.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. мадина

    САЛЕМ БАЛАПАН СЕН МЕНИН ЕН СУЙИКТИ ТЕЛЕАРНАМСЫН.МЕН СЕНИ КАТТЫ ЖАКСЫ КОРЕМИН. СЕНИН БАГДАРЛАМАЛАРЫНА КАТЫСКЫМ КЕЛЕДИ БИРАК СЕНДЕРГЕ КОНЫРАУ ШАЛА АЛМАДЫМ.МАГАН ХАТ ЖИБЕРТСИП ТУРСАНГОЙ.МЕНИН УШ СИНИЛИМ БАР. БИЗ БАРЛЫГЫМЫЗ СЕНИ КОРЕМИЗ.МЕН САГАН БАРГЫМ КЕЛЕДИ.МАГАН РИЗАНЫН ЖУРГИЗГЕНИ УНАЙДЫ.МЕН ОРАЛ КАЛАСЫНДА ТУРАМЫН.НОМЕРИ 1-НШИ МЕКТЕПТЕ 4 СЫНЫБЫНДА ОКИМЫН.ОТИНЕМИН МЕНИН ТЕЛЕФОНЫМДЫ АЛЫНЫЗДАРШЫ.МЕНИН ТУГАН КУНИМ 18 КАНТАРДА.

    МАДИНА

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, Мадина біздің сайт «Балапан» арнасына ешқандай қатысы жоқ.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ