Ұлттық ойындар

Арқан тарту

Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан.

Ойынның  тәртібі:ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді.
Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға
тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады.

ulttik-oyndarБелбеу тастау

Көбіне ер балалар ойнайтын ойын. Далада, ашық алаңқайда немесе кең бөлмеде ойнауға болады. Қатысушылар саны шектелмейді.

Ойынның шарты: ойын ойнаушылар шеңбер құрай дөңгелене отырады. Ойын бастаушы ортаға біреуді шақырады. Ойынға алдын-ала белбеу не есілген сүлгі даярланады. Артына қолын жасырған ойыншылар белбеуді бірінен соң біріне өткізе бастайды.

Сөйтіп, белбеу әр бағытта қолдан қолға өтеді. Мұның өзі ортада тұрған кісінің зейінін басқаға аудару мақсатында жасалады. Ыңғайы келген сәтте ойнаушылардың бірі ортадағы кісінің арқасынан ұрып қалып, белбеуді көрсетпей басқа біреуге бере қоюы тиіс. Егер ортадағы ойыншы белбеуді қағып қалса, екі ойыншы алмасады, ал ұстай алмай қалса ойын әрі қарай жалғаса береді.

Кеттікетті

Ойынға қатысушылар санына шек қойылмайды. Ойын қыста үйде. жазда таза ауада ойналады. Ойын қажетіне орамал, қолғап, басқа да ұсақ бұйымдар жарай береді.

Ойын шарты: Ойыншылар тізесін сәл көтеріп бір-біріне жақын айнала отырады. Бастаушының белгісі бойынша ойнаушының бірі орамалды көрсетпей екінші біреуіне береді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойнаушылардың сырт жағында ескен сүлгі не жіп ұстап тұрған кісіге орамал көрінбеуі тиіс. Оның зейінін басқа нәрсеге аударып, жаңылдыру үшін ойыншылар «әне кетті, міне кетті» деп шуылдап отырады. Егер ойын жүргізуші орамалды ұстаған адамды дер кезінде байқап, оны ұрып қалса, екеуі орын алмасады. Ал, егер қателессе ойыннан шығып қалады немесе бастаушының яки кез келген ойын мүшесінің тілегін орындайтын болады.

Орамал тастау

Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 5-15 метрдей жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ қазысы кез-келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады.

Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі) тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта қалып қояды.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер18
  1. Арай

    Ұлттық ойындардың атауларын да жастардың көбі біле бермейді кейде. балабақша немесе мектеп қабырғасынан үйренгені жақсы ғой.Естерінде қалады.

  2. Айнұр

    Ұлттық ойындарды балабақша мектепте ойнату арқылы ұлттық мүддені жаңғыртамыз. Керемет.

  3. Ардак

    Аптасына бір рет ұлттық ойын ойнаймыз. жақсы мақала.

  4. Майра

    ұлттық ойындарын жететін ойын жоқ шығар.бірақ, кейде ғана ойнатамыз. Осылай сізден оқып еске түсіріп тұру керек

  5. Алмагул

    Ой, бала күнгі ойындарымыздың барлығы да — ұлттық ойын ғой.

  6. Асем

    ауылда ойнаған ойындарға жетпейді ешбір ойын

  7. Ризагүл

    Барлык ойындар ұлттық манісі оте зор, баларды ұлттық ойындар аркылы ұлттжандылыкка тарбиелимиз сондыктанда осындай керемет ойындар жиынтыгын жазып биздин есимизге кайта салып отыргандарынызга мың алгыс.

  8. Рабигуль

    Ұлттық ойын әрбір тәрбиеші үшін таптырмас материал .

  9. Эльмира

    Қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарын еске салып,көмекші құрал ретінде пайдалануға болатын ең үлкен керемет дүние екен.рахмет

  10. Майра

    Осындай қазақ халқының ұлттық ойындарын көбірек ойнатса деп тілейміз балабақшаларда. Ұлттық ойындар қарапайым болса да баланың ақыл ойына, қимыл қозғалысына таптырмас ойын.

  11. Гюзель

    Әр қазақ баласы ұлттық ойындарды біліуі керек деп ойлаймын. Көп қызықты ойындар бар. Керемет мақала

  12. Меруерт

    ұлттық ойындарды суреттен көріп естіп қана қоймай, ұстаздарымыз қолданып жүргені жүрекке жылу ұялатады

  13. Зейнегуль Касымбекова

    Қазіргі таңда ұлттық ойындар балабақшалар да, мектептер де көп қолданады. Осындай сайт үшін рахмет.

  14. Гулзат

    Ұлттық ойын өз елінің салт дәстүрін дәріптейтін ойындар деп білемін. ӨЗ ұльтның ойынын ойнап отырып өз бойыңдағы ұлтыңа деген мақтаныш сезіліп отырады.

  15. Актоты

    арқан тартыс ойыны ежелден келе жатқан қазақтың ұлттық ойынарының біріғо. бұл ойын арқылы оқушылрдың ептілігін, қимыл -қозғалыстарын дамытуға болады.

  16. Актоты

    Арқан тартыс ойыны ежелден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарының біріғо. бұл ойын әрине оқушыларға қызықты және балаларды ептілікке, қимыл-қозғалыс әрекеттерін дамытуға жақсы.

  17. Индира

    Ойын арқылы баланың ой өрісі өседі.

  18. Индира

    жақсы сайт!!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ