Топ болып ойнайтын ойындар


Erketai / Янв.11.2013. / комментариев 5

Доп кімде?

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы тағайындалады. Ол шеңбердің ортасында тұрады, қолдарын арқасына ұстап бір-бірімен тығыздалып тұрады.Тәрбиеші допты (диаметрі 15 см-ден аспайтын) кімге болса да біреуіне береді, балалар оны арттарымен шеңбер жасай бір-біріне береді. Бастаушы доптың кімде екенін табуға тырысады. Ол: «Қолыңды» деп кімге айтса, сол екі қолын алға шығарып, алақанын жайып, жоғары көтеруге тиіс, онда ол оның қолында доптың жоқ екенін көрсетеді, Егер басқарушы добы бар екенін тапса, ол допты алады да шеңберге тұрады, ал доп табылған бала ойынды басқара бастайды.Ойынға балалардың ықыласы болмағанға дейін ойын қайталана береді.

Тракторшылар

   Ойынға әр уақытта 5 адам қатысады. Төртеуі екі-екіден, бірінен соң бірі тұрады. Бірінші екеу бір-бірінің қолын ұстап тұрады да, бос қолын артында тұрған екеуге созады, екінші екеу де қолдарын сондай етіп ұстасады, ал бос қолдарын бірінші екеудің созған қолдарымен ұштастырылады.

syuzhetti-oyndar

Бесінші қатысушы — тракторшы. Ол екі-екіден тұрғандар арасындағы қолына картоннан жасалған руль ұстап тұрады. Бесеудің бәрі алаңда араласып, жайлап жүре бастайды. Әрбір жолға 8 қадымнан   келеді.

Тара-тара-тара-ра,

Біздің  бұл қораға.

Кіріп келді трактор:

«Бұл бос келді демеңіз,

Егінді жерге егеміз,

Нанға толып қырат-қыр,

Тойғызып біз балаларды

Береміз қалаш нандарды!»

Балалар ырғақпен басуды  үйренген кезде, өте күшті дауыспен «жер», «егін», «балалар» деген сөздерді ерекше айта алатындай болуы керек.

                             Кім заттарды көбірек жинайды?

Еденге немесе тегіс алаңға көлемі шағын заттарды шашып тастайды: бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар және басқалар.

Ойнаушылардың ішінен екі-үш бала таңдап алынады оларға кәрзеңке немесе кішкене шелек беріледі. «Бір, екі, үш» деген белгі бойынша олар бүршіктерді (кішкентай шарларды, текшелерді) жинай бастайды. Мұнда қолдарына тек бір ғана заттан ғана алуға рұқсат етіледі.

«Тоқта!» деген белгі бойынша заттарды жинау тоқтатылады да, кім көбірек жинағанын санайды. Содан соң қалған жұп балалар жарысады. Ойынға қатысқысы келгендердің саны қанша болса, сонша рет ойын қайталана беруіне болады.

smile

комментариев 5 Пікір қосу

  • Сіздерден қалай мәлімет көшіріп алуға болады???

  • Саламатсыз! Ол үшін сізде бір мақала жариялаңыз балаларға қатысты (ертегі, тақпақ, өлеңдер,бала денсаулығына, ана денсаулығына,балаларға қатысты қызықты ақпараттар,) бірақ интернеттен көшіріп алынған мақала болмауы керек.Содан кейін сіз қалаған мақаланы сіздің @ почтаңызға жібереміз

  • салеметсиздерма… казакша ариптер жок кеширим сураймын… мен сурайын дегеним балабакшага кыста балдарды сыртка ойнатуга арналган ойындар керек еди… комектесулеринизды сураймын

  • Бізде бар мақалалар сайтта көрсетілген.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!