Тышқан ұстаушы ойыны

Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Азы (мәселен ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды. Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады.
Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына мәтінді айтады:

Әй, тышқандар, мазаны алып,
Кеттіңдір ғой көбейіп.
Кемірумен жазаладың,
Сазайыңды берейік.
Сақтаныңдар, сақ болыңдар,
Сендерге де жетеміз.
Құрған торға тап болыңдар,
Сендерді қор етерміз!
tishkan-ustaushilar-oiniБалалар тақпақты айтып болған соң тоқтайды да, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екінші жағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» деп қол соққанда шеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де отыра қалады, сол кезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. Шеңберден шығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. Олар қайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанның көлемі үлкейтіледі).
Тышқандардың көбі ұсталған соң балалар рөлдерін ауыстырады да, ойын қайталанады. Тәрбиеші балалардың тақпақты айқын, айқайламай айтуын әрбір буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпін жасап айтуын қадағалайды. Ойын соңында тышқан ұстаушының қолына бір рет түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.

Пікірлер7
  1. Нағима

    Ойын ұнады балалар қызыға ойнайды

  2. Айгерим Тогисова

    Балалардың ойын, ойын арқылы сөйлеу қабілетін дамытудың тиімді жолы. Балаларға әрі қызық, әрі көңілді уақыт өткізуге арналған ойындардың бірі

  3. Гүлжанат

    жас мамандарға нағыз керек әрі қызықты сайт екеен алып қосарымыз көп екеен

  4. Гүлжанат

    Жақсы екен. Өте керемет түсіндірілген. Білмейтін заттарымызды осы жерден алсақ екеен.

  5. Ризагүл

    Тек биік белестерден көрине бериниздер. Балалардың кызыгып ойнайтын ойындарының бирі.

  6. Рабигуль

    Тышқан ұстаушы ойыны ұнады.Керемет.

  7. Женис

    сіздерге шығармашылық табыс тілеймін

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ