Балаларға арналған қу түлкі ойыны


Erketai / Янв.2.2013. / комментария 3

Ойнаушылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бәрінің көз жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың  артымен) шығады да, ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да,сол  балақу түлкі болып саналады. Тәрбиеші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан-жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкі екендігін білдіріп қояр дейді.

Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір-біріне қарайды.

ku-tulki-oyni

Ойнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. «Қу түлкі сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды.

Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.

Мұнан кейін түлкі ек-үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.

smile

комментария 3 Пікір қосу

  • алтау ала бол ауыздан кеттеді
    төртеу төгел болса төбеден кетер

  • маған манттесориға байланысты ойындар керек

  • ойын казіргі біздін болашағымыз болатын балдарға акелер пайдасы көп

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!