...

Қойшы мен табын ойыны

Алаңның бір жағында гимнастикалық орындықтың немесе текшеленген жіңішке тақтайшаның көмегімен қой қора қоршалады.Ойнаушылардың ішінен қойшы таңдалып алынады. Қалғандары – қойлар. Қойшының көзін байлайды. Ол қой қорадан қашық емес жерде тұрады да: «Қойшы,қойшы, маған қанша қадам бересің?» деп сұрайды.Қойшы әрқашан қандай болса да (10-ға дейін) бір санды айтады. Қой сондай санға сәйкес келетін қадамды санайды да тоқтайды.Барлық қой тарап кеткен кезде қойшы: «Менің табыным қайда?» деп сұрайды Барлық қой: «Мә-мә-мә..,» деп дауыстайды. Содан соң үндемей қалады. Қойшы оларды іздей  бастайды. Олардың тек даусы шығады да, ал қойлар өз орындарында тұрады.

koishi-tabin-oyniҚойшы орнынан тұрып, біреуін түртіп: «Қойым, қойым, сен кімсің?» дейді. Ал қой «Мә мә мә» деп жауап қайтарады. Қойшы оның, кім екенін шешуі керек. Егер қойшы қателессе барлық қойлар маңырайды да, олардың біреуі қойшыны қой қораға қарай алып барады  ал өзі орнына қайта оралады.

Қойшы: «Менің табыным қайда?» деп қайтадан сұрайды, ұсталған қойды ол танығанша, ойын жүргізіле береді. Содан кейін ол байланған көзін шешеді де, қой болып шыға келеді, ал қой қойшы болады.

Пікірлер5
  1. Лаура

    баланы қызықтыру үшін өте керемет тәсіл. мақала мәні бар, өзекті тақырыптардың бірі

  2. Нағима

    Ересек топ балаларына ойнатып көрейін ертең жақсы ойын екен

  3. Ризагүл

    Балалардың сандарды жаксы меңгеруге көмегі зор ойындардың бирі екен.

  4. Рабигуль

    Өте қажет ойын .Жұмыстарыңызға сәттілік.

  5. Сагила

    Мына ойын ерекше екен. Қызықты болатын шығар

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ