Қимылды ойындар

Қимылды ойын: Қуырмаш

   Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.

-Қуыр, қуыр, қуырмаш
-Балапанға бидай шаш
Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
-Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-Балалар ойын ұнады ма?
-Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?
-Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.

Қимылды ойын: Көжектер мен түлкілер

    Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек бетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізіушісі: Көжектерім тұршы
Беттеріңді жушы
Ну орманға барайық
Тамақтанып алайық.
Қаш: Жалаңдаған қу түлкі
Келіп қалыпты орманға
Көжектерің қайда деп.
Қуып келді соңынан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.

khimildi-oyndar-balabakhshada

Қимылды ойын: Аю

  Ойын мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады. Қояндар орманда ойнап жүріп ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып қуа жөнеледі.Ойын 2-3рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.

Қимылды ойын: Ақ қоян

   Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.
-Қояным,қояным ұйқыңнан тұршы
Бет-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көлегіңді киші,
Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.

  Қимылды ойын: Доп

   Мақсаты: Балаларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар қатарға тұрады екі команда болып межеге допты қай команда бірінші апарады сол топ бірінші орынға, марапатқа ие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.

Пікірлер25
  1. Нағима

    Қимылды ойындарды дұрыс ұйымдастырса ғана қызық болады ол тәрбиешінің іс-әрекетіне шеберлігіне байланысты

  2. Асем

    ақсерек көксерек күшті

  3. Ризагүл

    Баланың қызығушылығын, ойын арттыратын ойындар. Сабагымда жиі колданамын.

  4. Бимария

    Бұл ойындарды өзіміз сабақта қолданамыз. Керемет ойындар

  5. Сагила

    Қимылды ойындар өте пайдалы ойын түрі ғой. Қолданамыз әрдайым

  6. Салтанат

    Оте керемет ойындар..Балаларга издеген материалдардын барлыгын осы сайттан табамын..коп рахмет сиздерге

  7. Меруерт

    өзіміз балалық шақта ойнаған ойындар ескірмей атадан балаға жалғасуда,балалар қызыға ойнайды

  8. Молдир

    Куыр-куырмаш менин балалык шагымды есиме тусирип жиберди .атам мен ажем айтатын еди.сагындыран кездер-ай.балалык шагым есиме тусип кетти.баланын есинде ардайвм туратын дуние!

  9. Сафия

    Оте кызыкты ойындар,рахмет!Тагы болса жибериниздерши.

  10. Рабига

    Оте керемет малиметтер екен.

  11. гульназ

    жүктей алмай жатырмын

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелгендегі мәлметтерді жазып сайтқа кіріңіз.

  12. Азиза

    жаксы ойындар!

  13. aibol

    кызык екен

  14. aibol

    катты унады

  15. Сания

    керемет

  16. Айко

    өтініш басқа осындай бірақ мұғалімдерге ойындар қайдан тапсам болады

  17. Райгүл

    оте керемет ойын

  18. рабиға

    қысқа да нұсқа сіздерге рахмет

  19. Акгүл

    ote keremet oiyndar

  20. Асель

    ойындарды қалай көшіруге болады

  21. Нұрсұлтан

    қызық екен

  22. асылхан

    қоянды қамыс өлтіреді
    жігітті намыс өлтіреді

  23. Ақерке

    Өте қызықты ойындар! рахмет!!

  24. өте керемет ойындар, сіздерге көп рахмет!!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ