«Қазына аралы» спорттық ойын-сауық


Erketai / Окт.1.2013. / комментария 3

Тақырыбы: «Қазына аралы» спорттық ойын-сауық
 Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
sporttik oyindar


Керекті спорттық құрал — жабдықтар: гимнастикалық орындық, арқан, карта, монеталар.
Сайыстың салтанатты түрде ашылуы.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Қазына іздеушілер сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

І — кезең. Топтың атын табу

«Апачи» сөздерді кері қарай оқу арқылы топтың атын табу.

«Чунгачкук»
ІІ — кезең. «Тайпа басшыларымен би билеу»

 Отқа табыну.

О құдіретті күн құдайы!

Әлемді жаратушы тәңірім,

Бізге жеңіске жетуге күш бере гөр!

Бойымызда үрей менен қорқыныш,

Кедергіден өтеміз бе, деп тұрмыз.

Бірақ біздер саспаймыз,

Дәл қазір қазынаны іздеуді бастаймыз.

ІІІ — кезең. «Картаны құрастыру»

Қиылған қиындылардан жол көрсететін карта құрастыру.

Жүргізуші:Қазына аралына баруға дайынсыңдар ма?

-иә

Олай болса, жолда сендерге көп кедергілер кездеседі, сол кедергілерден сүрінбей өтіп жеңіске жетуге сәттілік тілеймін.
IV – кезең «Батпақты дала»

Балалар батпақтан секіріп өтеді.

V — кезең. «Жасырылған затты табу»

Сағатты табады.

Жүргізуші: сендер сағат 11-00-ге дейін «Қазына аралына» жетіп қазынаны табуларыңыз керек. Егер уақыт асып кетсе, аралдағы үңгір жабылады.

VI — кезең. «Сынық көпірден өту»

Жүргізуші: Балалар сіздердің алдарыңызда үлкен өзен жатыр, сол өзеннен сынық көпір арқылы өте аласыздар.Өте алмаған балалар ойыннан шығарылады.

VII — кезең. «Балық аулау»
Жүргізуші сендер әрі қарай бару үшін көп күш керек. Ол үшін сендер тамақтанып алуларыңыз қажет. Өкінішке орай сендер тамақ жоқ. Енді тамақ тауып жеу керек.Жерде сендерге 3 зат берілген, сол заттарды пайдаланып түскі тамақты тауып жеу қажет.

/Таяқ, жіп, сымнан қармақ жасау/
VIII — кезең. «Үңгірден өту»

Үңгірде улы жылан бар,сол жыланды ұйқыдан оятпай өтіп кетулеріңіз қажет.

IX – кезең «Орман перілері»

Сендер ағашта жасырынған қағазды тапсаңыз ғана, орман перілерінен құтылудың жолын табасыз және сол қағазда көрсетілген бағдар арқылы қазына толы сандықшаны таба аласыздар.

Жасырынған сандықты тапқан топ қазынаны алады және марапатталады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар нағыз қазына іздеушілер екенсіздер, жеңістеріңіз құтты болсын!

smile

комментария 3 Пікір қосу

  • Рахмет. керек ақпараттың барлығы бар!!!))))))

  • Сізге де рахмет! Сайтқа жиі кіріп тұрыңыз.

  • қимыл-қозғалыс ойындары 1 мен 4 ке

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!