Логопедиялық жаттығулар


Erketai / Янв.26.2014. / комментариев 6

Бұл жаттығу логопедтің әңгімесі формасында өткізіледі. Жаттығуда балаларға арналған сұрақтар мен балалардың жауаптары қатысады.

«Ертеде екі қонжық өмір сүріпті, — деп логопед әңгімесін бастайды. Олардың аттары: Мики және Кики деп аталыпты. Балалар, (қонжықтардың аттарында екпін қай дыбысқа түседі?) Мики қонжығының атында екпін қай буынға түсіп тұр
, бірінші буынға ма әлде екінші буынға ма? (Балалар жауап береді). Қонжықтардың анасы аюға балаларының атын атау өте оңай болды: Мииики! Кииики! Және қонжықтарға да өз аттары қатты ұнады: Мииики, Кииики. (Балалар бұл сөздерді қайталағанда, екпінге назар аударады).

Логопед, балалар, жаттығу, білім, дыбыс, дидактикалық ойындар

    Бір күні қонжықтарға қонаққа екі көжек келеді, ал олардың аттары – Тики және Ники деп аталыпты (балалармен әңгімелескен кезде логопед бұл сөздердегі екпін екінші буынға түсетінін айқындайды).

Тики және Ники өздерінің аттарын қонжықтардың аттарына ұқсас болғанын қалайды. Қоян аналарын оларды қожықтардың атына ұқсастырып атауын сұрайды.

Аналары мұңаяды: өзінің көжектеріне қалай көмектесерін білмей отырады…

Кәне, балалар! Көмектесіңдерші! Не істеуге болатынын ойлаңдаршы.

Берілген жаттығудың көмегімен балалар сөздерді буынға бөлу дағдыларын бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар, сөз ішінде екпін жайында білімдерін кеңейтеді.

smile

комментариев 6 Пікір қосу

  • сайт әкімшілігімен қалай хабарласа аламын

  • Кері байланыс беті арқылы жазыңыз сұрағыңызды

  • маган әмина арайлым мәдина деген есім жақсы

  • Жақсы материал екен. Айгерим

  • Жақсы материал екен

  • Жаксы бастама екен. 3 жастагы ер балага создерди калай анык айткыза аламын. Сол туралы жазсаныздар. Алдын ала рахмет.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!