Балабақшадағы тапқырлық тапсырмаларын шешуші теория әдісі


Erketai / Мар.24.2016. / Пікірлер жоқ

Біздің қоғамымыз жаңа ұрпаққа білім беру жүйесіне жаңа талап қоюда, оның ішінде білім беруді алғашқы баспалдағы – мектепке дейінгі білімге. Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты – бұл дербес тұжырымдауға қабілетті, әр түрлі саладағы тапсырмаларды шешуге дайын шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Кіші мектепке дейінгі жаста бала қалай қалыптасса оның өмірі сондай болады, сондықтан осы жаста әр баланың ашылуына мүмкіндік беруді жіберіп алмау керек.

Мектепке дейінгі жасқа дайындалған ТТШТ технологиясы «Барлығына шығармашылық!» ұранымен баланы оқыту мен тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Балалық зерде шексіз. Ол балаға тікелей және болжап болмайтын, зерттеп, үлкендер байқамағанды байқауға жағдай жасайды.

ТТШТ технологиясы келесі тапсырмаларды шешуде өте пайдалы
— Балаға барлық салада дұрыс әрекет ету мүмкіндігін дамытады; қоғамда, отбасында, адамдармен, табиғатпен қарым-қатынас

балабақша


— Өзі жасағанды ашуға қызығушылығын тәрбиелейді;
— Баланы қоршаған әлеммен және адамдармен таныстыруда жүйелі ықпалды жүзеге асырып, жүйелі ойлауды қалыптастырады;
— Қиялын, шығармашылығын, білуге құмарлығын, фантазиясын дамытады;
— Баланың сан алуан және өнімді қызметке ынтасын тәрбиелейді;
— сенімділік сезімін, санасында негізделген өзіндегі және қоршаған ортадағы кемшіліктері мен құндылықтарын түсінудегі өзіндік бағалауын тәрбиелейді.
ТТШТ мектеп жасына дейінгі балаға:
— бұл біріккен ойын жүйесі, оқу әрекеті, негізгі базалық бағдарламаны өзгерте алмайды, бірақ нәтижесін молайтады.
— ТТШТ элементтерін қолдану арқылы баланың шығармашылық және ойлау белсенділігі жанданады, өйткені ТТШТ кең ойлануға, болып жатқан процесті түбегейлі түсініп жіне оның мәселесін нақты шешуге үйретеді.
ТТШТ қолдану мектеп жасына дейінгі балаларды нағыз арманшыл етіп өсіруге, кейіннен жаңа идеялардың генераторы яғни зерттеуші мүмкіндік береді.
Тағы да ТТШТ– технологиясы осындай адамгершілік, яғни бір –біріне көмектескісі келетін, басқаның қуанышына қуанатын, қиын жағдайдан біріге жол іздеп шығуға талпынатын қасиеттерін дамытады.
тәрбиешілергеБұл технологияның мектепке дейінгі баланың дамуына классикалық тәсілдемесінен негізгі айырмашылығы – бұл балаларға сұрақтарға жеке жауап табуға, тапсырмаларды өздері орындауға, үлкендердің айтқанын қайталамауға мүмкіндік береді.
ТТШТ – технологиясы, әмбебап аспаптар ретінде барлық әрекет түрінде іс-жүзінде қолдануға болады (білім беру үрдісіндегідей, ойын да, күн тәртібі барысында). Бұл мектеп жасына дейінгі бала санасында біріккен, үйлесімді әлем үлгісін қалыптастырады. Жағдаят сәттілігі жаратылып, тапсырмалар нәтижесімен өзараалмасу жүреді, бір баланың шешімі басқа баланың ойын белсендендіруге көмектеседі, қиялдау аймағын кеңейтіп, оның дамуын ынталандырады. Технология әр балаға дәл сондай даралығын көрсетуге мүмкіндік беріп, ерекше ойлауға үйретеді.
ТТШТ технологиясының артықшылығы мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста өзін жақсы танытқан, оның әдістерінің молдығында. Балабақшаларда ТТШТ технологиясының келесі әдістері қолданылады.
— Миға шабуыл әдісі. Бұл жедел әдіс тапсырмаларды шешуде шығармашылық белсенділігін ындаландыруға негізделеді, сонымен талқылауға қатысушыларға мүмкіндігінше көп мөлшерде шешімдердің нұсқаларын айтуға ұсынады, соның ішінде ең кереметтерін. Содан кейін айтылған идеялардың ішінен айрықша сәттілерін, тәжірибеде қолдануға болатынын таңдайды.
— Тізімдеме әдісі. Бұл әдіс мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашыл әңгімелеуге оқытудағы үлкен деңгейдегі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

balabakhshadagi-tapkirlik-tapsirmalarin-sheshushi-teorya-adisi-2
— Фокальды нысандар әдісі. Тап осы әдістің мәні бір немесе бірнеше нысанның қасиетін басқаға өзгерту. Бұл әді тек қана қиял, сөйлеу, фантазияны дамытып қана қоймай, өз ойлауын басқаруға мүмкіндік береді.
— «Жүйелі талдау» әдісі. Бұл әдіс әлемді өзара ыңғайлы жұмыс атқаратын, өзара байланысты анықталған элементтер негізіндегі жиынтық ретінде жүйелі қарауға көмектеседі. Оның мақсаты – нысанның орны мен маңызын, әр элементке өзараәрекеттесуін анықтау.
— Морфологиялық талдау әдісі. Мектепке дейінгі жастағылармен жұмыста шығармашылық қиялын, фантазиясын, стереотиптерден арылуды дамытуда өте нәтижелі. Оның мәні анықталған нысанның мінездемесіне қарай жаңа кейіптегі нысанды жаратуда әр түрлі нұсқаларды құрамдастыруда жасалады.
— КАҮ әдісі (кішкене адамдармен үлгілеу). әлемдегі болып жатқан табиғи және қолмен істелген нәрселер (қатты – сұйық – газ тәрізіді) үрдісін үлгілеу.
— Ұйқастық ойлау әдісі. Сонымен ұйқастық – бұл заттар мен құбылыстардың қасиеті мен белгілерінің ұқсастығы, балаларға алдымен заттардың қасиеті мен белгілерін анықтауға, одан кейін салыстыруға және топтастыруға үйретіледі.
— Қиялдаудың типтік тәсілдері (ҚТТ). Баланың фантазиясын дамыту үшін көмекке алты сиқыршыны кіріктіреді. Сиқыршылардың мақсаты – нысанның қасиетін өзгерту. Сиқырлаудың тәсілдері: арттыру –азайту, бөлу – қосу, уақыт белгілеріне қарай түрлендіру, жандандыру-тасқа айналдыру, оживление-окаменение, дербестеу-әмбебаптау, карама-карсылық.

balabakhshadagi-tapkirlik-tapsirmalarin-sheshushi-teorya-adisi-3
Оқу әрекетінде ТТШТ әдістерін қолдану шындық пен мәнді іздену, біріккен ізденістің пен мәселенің шешілуіне баланы жеткізу арқылы жүргізіледі.
Қорытындылай келе, оқу әрекетінде ТТШТ элементтерін қолдану мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін дамытуда ең нәтижелі тәсілдің бірі болып табылады, басқа да психологиялық үрдістерінің және тұлғаны толыққанды дамуына маңызды әсер етеді. Шығармашылық ойлауды дамыту баланың тұлғалық тәжірибесінің кеңеюіне және балалық әрекетті ұйымдастыруына,алған білімін шығармашылықпен қамтамасыз етуге, белсенділігінің артуына, ой-өрісінің және сөздік қорының дамуына ықпал жасайды. Мұның барлығы мектеп жасына дейінгі баланың әр түрлі қызметте өзін-өзі сәтті танытуға мүмкіндік береді. ТТШТ әдістерін қолдана отырып өткізілген оқу әрекеті балаларға әрдаым күтпегенді көруге көмектеседі.

Авторы:Токтамысова Айгуль Орынбаевна

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!