Тағамдардың химиялық құрамдарының үлгілері


Erketai / Сен.26.2016. / Пікірлер жоқ

тағамдар рецептері

Макарон өнімінен сүтті сорпа

Дайындалу әдісі:

Кеспені немесе макарон өнімін тұздалған қайнап тұрған суға салып 5-7 минут  аралығында пісіреміз, сүзгішке салып суын ағызамыз. Сосын сүтке қант қосып макарон өнімін салып қайнатып пісіреміз.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-1

3-5 жас аралығындағы балаларға арналған

tagamdar-2

Қарақұмық ботқасы  сүтпен.

Дайындалу әдісі:

Қарақұмықты тұз қосылған қайнап тұрған суға салып жартылай пісіреміз, үстінен ыстық сүт, шекер қосып бетін жауып бәсейтілген отта қайнатамыз.

Дайын болған кезде бетіне сары май саламыз.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-3

3- 5 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-4

Тары және күріш ботқасы.

Дайындалу әдісі:

Өнімдерді тазалап алдымен жылы суды, кейін ыстық сумен жуады. Қайнап тұрған ыстық суға тарыны салып 10-15 минут қозғап тұрып қайнатамыз, сосын күрішті салып 5-10 минут пісіреді. Соңынан ыстық сүт, тұз, шекер саламыз.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-5

3- 5 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-6

Бутерброд ірімшікпен.

Дайындалу әдісі:

Бидай нанын бөлшектеп қалыңдығы 1,0-1,5 см турап, ірімшікті сыртқы қабықтарынана тазалап қалыңдығы 2-3 мм етіп тураймыз. (ірімшікті қолдананар алдында 30-40 минуттан ерте турауға болмайды және оны тоңазытқышта  сақтау керек)

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-7

3- 5 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-8

Алма.

Дайындалу әдісі:

Алманы берер алдында жарамсыз жерлерін алып тастайды, ағын суда тазалап жуады.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-9

Сүзбеден ватрушка.

Дайындалу әдісі:

Ұн, сүт, жұмыртқа, сары май, дрожж, тұз салып қамырды илеп ашытамыз. Қамырды шар тәрізді етіп кішкентай бөліктерге бөліп, жайып, ішіне сүзбе салады. Қалыпты майлап бәліштерді салып духовкада пісіреміз.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-10

Жемістерден компот.

Дайындалу әдісі:

Жемістерді жуып тазалап турайды. Жемістерді қарайып кетпес үшін қайнатпас бұрын кішкене лимон қышқылы қосылған мұздай суға салып аламыз. Судан алып, қайнаған су, қант қосып қайнатады. Дайын болған соң бөлме температурасына дейін суытамыз.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-11

Тәтті шай сүтпен.

Дайындалу әдісі:

Шәйнекке шай және қант салып, үстінен ыстық су құямыз. Тұндырып үстіне піскен сүт құйып, 40-45 С дейін суытып таратамыз.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-12

Қызылша салат.

Дайындалу әдісі:

Қызылша, картопты қайнатып аламыз. Пиязды майға қуырмалап алады, кейін қызылшамен картопты төртбұрышты етіп турап, пиязбен араластырады, тұз қосады.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-13

Витаминделген салат өсімдік майымен.

Дайындалу әдісі:

Көкорам мен сәбізді тазалап жуып, майдалап, таяқшалап турайды. Алманың қабығын аршып, ішіндегі сүйектерін тазалап майдалап турап, лимонның суын себеміз. Барлық дайындалған заттарды шекер қосып маймен араластырамыз.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-14

Етпен тұзды қияр  сорпасы қаймақпен (рассольник)

Дайындалу  әдісі:

Көкөністерді турап, тазалап, дайындап қояды. Етті тазалап пісіреді, ет піскен соң сорпаны сүзіп алып сорпаға көкөністерді салып пісіреді. Дайын болуға 5-10 минут қалғанда тұздалған қиярды салады. Суығаннан кейін қаймақты бетіне салып таратады.

1,5-3 жас аралығындағы балаларға арналған

tagamdar-15

3-5 жас аралығындағы балаларға арналған

tagamdar-16

Консервідегі балықтан сорпа.

Дайындалу әдісі:

Картопты тазалап төртбұрышты етіп тураймыз. Сәбіз бен пиязды майдалап турайды. Тазаланған күрішті ыстық суға салып 15 минут қайнатады. Сосын көкөністерді салып 5-10 минут қалғанда консервідегі балықтарды салып пісіреді.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-17

Көкөніс  бұқтырмасы (овощной рагу)

Дайындалу әдісі:

Картоппен сәбізді тазалап төртбұрышты қылып турап кішкене ыстық суға сары май салып жартылай піскенге дейін пісіреді. Көкорамды майдалап турап суға салады сосын барлығын араластырып ыстық су құяды.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-18

Картоп езбесі (пюре)

Дайындалу әдісі:

Картопты тазалап суға салып пісіреді. Суын төгіп тастап ыстық күйде картопты езеді ыстық сүтпен сары майды салып араластырады.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-19

Котлет.

Дайындалу әдісі:

Етті екі рет ет турағыштан өткізеді суға жібітілген нанмен араластырады. Тұз қосып формаға келтіріп,қалыпты майлап салып пісіреді.

1,5- 3 жас аралығындағы балаларға арналған.

tagamdar-20

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!