Сүттің пайдасы


Пенде қанша ақылды болғанымен, білмейтін нәрселер қаншама, Өзіміздің тұрмыстық жағдайда қолданатын , сонау ата-бабамыздан қалған ерекше қастер тұтатын ақ сүтіміздің сіз білмейтін жақтарын жазбақпын. Жаңа сауылған сиырдың сүтін ұйытып, одан қалған артық суды «көксу» деп атайды. Бұны бірі білсе бірі білмейді. Ал оның пайдасы ұшан теңіз.

1. Қыздың көркі- бұрымында демекші, қазіргі таңда қыздардың басты мәселесі шаш өсіру. Бұл жағдайда көксудың пайдасы орасан зор. Шашты жумастан бұрын көксуға шашымызды шәйіп, содан кейін таза суға жуамыз. Дәл осылай ай көлемінде қайталасаңыз нәтижесін көретін боласыз.

2. «Ауырып- ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»-деп ата-бабамыз бекер айтпаған болар.Тамақтың құнарсыздығы адам өміріне зиян. Сол себепті қазір асқазан ауруы өте жиілеп кетуде. Егер асқазаныңыз ауырып жатса , көксуды ішіңіз. Пайдасын көретін боласыз.

Сүттің пайдасы3. Қазір ас үйімізде көптеген химиялық қоспалары мол көпіршік ыдыс жуғыштар толып тұр. Әйел адамы болғасын ыдыстың тазалығы маңызды. Егер шәйнек, құмандарыңызда қақ пайда болып, кетіре алмай әуре болсаңыз тағыда «көксу» көмектесе алады. Көксуды қағы бар ыдысыңызға бірер сағатқа құйып қойыңыз. Нәтижесінде қағы бар ыдыс су жаңа ыдысқа айналады.

4. Ер қанаты- ат. Қазіргі заманда темір тұлпарларымызды жөндеу орталығы жетерлік. Сол жөндеу орталығына артық қаражат жұмсамай ақ үйде отырып көлігіңіздің май болып қалған бөліктерін көксуға салыңыз. Лезде майын кетіріп, тазалап береді.
Міне , ауылымызда кеңінен қолданатын бұл үрдістерді сіздермен бөлісуді жөн кердім.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши ауылы
Енсегенова Жанылсын
Қ.Жазықов атындағы орта мектебінің бастауыш мұғалімі

Пікірлер17
  1. Салтанат

    Ауылдан шығатын өнімдердің барлығы адам ағзасына нағыз пайдасы зор өнімдер ғой. Аулымның тамағы да, ауасы да, адамдары да кез келген дертке дауа ғой.

  2. Жами

    жатар алдында миндетти турде 1 стакан сут ишемин жане ол пайдалы

    1. Риза

      Өте керемет мақала, пайдалы ақпаратқа толы.

  3. Гулжанат

    Көк су, емес сары су шығар

  4. Қаракөз

    маған әсіресе 86400 тг ұнады, есте сақтайтын нәрсе екен

  5. Мөлдір Жұмажанова

    Көптеген жаңа ақпараттар, ауылдың сүтіне не жетсін

  6. Майра

    Шаш өсіруге көк судың пайдасы зор екенін мен жақсы білемін, себебі бала кезімде әжем сүтті ұйытып, мәрліге сүзіп іліп қоятын. Содан аққан көк суды тұндырып қайта сүзіп менің шашымды жуатын. Соның арқасы болар бұрымды қолаң шашым болатын.

  7. Адеми

    Сүттің пайдалы екенін бұрынан білеміз, бірақ сіздің мақаланыздан тағыда біліміміз толықтырылды. Сәттілік

  8. Арайлым

    Таңсық ақпараттармен таныстым рақмет қызықты екен

  9. Айдын Қанатқызы

    Өте пайдалы кеңес болды. Рахмет. Барлық тақырыптар табылады екен.

  10. Камалова К.Ж.

    Табиғи пайдасы мол екенін көпшілігіміз білеміз.Бірақ,мына ақпараттар керемет және тиімді

  11. Аружан

    Сүттің пайдасы туралы барлығымыз біраз білеміз,бірақ мына материалда берілген мағұлматтардың кейбірін енді біліп жатырмын.
    Кеңестеріңіз өте керемет және тиімді. Сіздерге көп рахмет осылай бізге жаңа ақпарат жеткізіп отырғандарыңызға.

  12. лаура

    Я жоба үшін де коптеген мағлұмат алуға болады екен

  13. Нарат Мейірбан

    өте пайдалы кеңес айтыңыздар көбінде көп нәрсенің неге пайдалы екенін білмей жатамыз

  14. Гулим

    керемет пайдасы көп екен!Тансық ақпартаттармен таныс болдым

  15. Асель

    Мен жайлы айтылған ау??…….көксу дегенди бірінші рет оқыдым….. сөздік қорыма күнжелікті тіршілікте пайдалану керек екен….жаңа мəлімеьпег бөліскен авторға үлкен рахмет…..тағы да жана мəлімет күтемін . .

  16. Динара Ерғалиева

    Расындада, пайдасының ұшан теңіз екендігіне мына мақаладан соң көзім жетті. «Көксу»-дың не екендігін білмейтінде адам бар шығар сірә. Көпке топырақ шашпаймын , Деседе қалалықтардың қаншама ақша құртып өзге елдердің дәрі дәрмектерін , тазалаушы құралдарын алып жатқандығын көп естиміз. Өткен ғасырдың легімен жүмесекте осындай табиғи өнімді пайдаланған тиімдірек. Оның үстіне бұндай нәрсемен талайды таң қалдыруға да болатын секілді. Автор керемет!! Сізден тағыда осындай пайдалы тақырыптағы мақалаларды күтетін боламын!!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ