Құрметті Еркетай сайтының тіркелушілері мен қонақтары !
Еркетай сайты «Балалардан-балаларға» атты видеобайқау жариялайды. Байқау шарты бойынша балалардың ұялы телефонға немесе басқада видеокамераға айтқан өлеңдері,билері, ертегілері, қызықты әңгімелері, тақпақтары қабылданады. Видеоның ұзақтығы 2-3 минут болса жеткілікті.
Балалар үлкендердің айтқанына қарағанда бір-бірінің айтқанын жақсы ұғып тез жаттап алады.Сол арқылы бір-бірінен ертегілер,әңгімелер, тақпақтар, өлеңдер айтуды, би билеуді үйренеді. Балаларға бір пайдасы тиер деген ниетпен erketai.kz сайты осындай видеоларды топтастырып сайтта жариялайды. Сіздерден үлкен өтініш байқауға немқұрайлы қарамай өздеріңіздің балаларыңыздың, іні-қарындастарыңыздың ,сіңлілеріңіздің басқада балалармен өнерлерін бөлісу үшін байқауға атсалысып ұялы телефоныңызға немесе басқада камераға түсірілген видеоларын жіберулеріңізді сұраймыз. Барлық видео сайтта көрсетіледі.
Видеоны hat@erketai.kz , erketaikz@mail.ru электронды почталарына жіберуге болады.
Видеоға қоса баланың аты-жөнін және қандай тақпақ немесе өлең(ертегі,әңгіме) орындағанын жазып жіберіңіздер.
Құрметпен erketai.kz
Видеобайқаудың тақырыбы «Балалардан-балаларға»
Өткізілетін уақыты: 26.08.2014-26.09.2014
Видео байқау шарттары:
Видеолар 26.08.2014 — 16.09.2014 аралығында қабылданады. 16.09.2014 бастап 26.09.2014 аралығында дауыс беру жүреді. Жеңімпаздар сайт тіркелушілерімен қонақтарының берген дауысының қортындысы арқылы анықталады.
Жеңімпаздар төмендегі сыйлықтарға ие болады:
1-орын 3000 актив бірлігі
2-орын 1500 актив бірлігі
3-орын 500 актив бірлігі
Барлық қатысушыларға portfolios.kz сайтында жарияланған балаларға арналған барлық портфолиолар тегін беріледі.
Байқаудың қатысушыларына дауыс беру үшін осы сілтемені басыңыз!
Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:
3 жылдық Әдіскер құжаттары
3 жылдық Меңгеруші құжаттары
3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары
3 жылдық Психолог құжаттары
Жылдан жылға көркей беріңіздер
Сәлеметсіздер ме! бейнероликті көріп, өзіме көптеген қосыша ақпараттар алдым.
Видеобайқау қандай жақсы екен. Жеңімпаздар сіздерді құттықтаймыз. Жарайсыздар