Қыз-келіншектерге арналған байқау!


Erketai / Сен.9.2016. / 1 пікір

baikauga

Байқау тақырыбы:  «Қыз-келіншектерге арналған пайдалы кеңестер»

Құрметті, Еркетай сайтының қонақтары мен достары!Көптен бері сайтымызда дәстүрге айналған әр түрлі сайыстар мен байқаулар шеруі тоқтап қалған болатын.Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Еркетай сайты жазба байқауын жариялайды. Бұл жолғы байқаудың тақырыбы «Қыз-келіншектерге арналған пайдалы кеңестер».

Байқау шарты:

Жазбаңыздың тақырыбы мәніне сай болуы тиіс.Байқауға қатысатын жазбаңыздың оқырманға берілуі кеңес түрінде яғни, өмірлік тәжірибеңізге негізделген немесе шын мәнісінде пайдалы кеңес болуы тиіс.Авторлар байқауға бірнеше тақырыптағы жазбасын жіберуіне болады.Сайт администрациясы байқау тақырыбына сәйкес келмейтін немесе байқауға лайықты емес деп таныған кез-келген жазбаны ешқандай түсінік берусіз байқауға қабылдамауға құқылы.

  Жазбалар мына төменде көрсетілген тақырыптардың бірінің төңірегінде жазылуы керек.

  1. Жүкті әйелдерге арналған кеңестер.
  2. Бала тәрбиесіне арналған кеңестер.
  3. Сұлулықтың сырлары(шаш өсіру, арықтау, әжімді кетіру,кірпік өсіру т.б)
  4. Қолөнер( бұл тақырыпта жазылған жазба фотосуреттерімен бірге болуы тиіс)
  5. Тағамдардың дайындалуы(бұл тақырыпта жазылған жазба фотосуреттерімен бірге болуы тиіс)

Ескерту: Жазбаңызға арнайы атау(тақырып) қойыңыз. «Бала тәрбиесіне арналған кеңестер» деп жаза салу жарамайды!

Қатаң сақталуы тиіс талаптар:

  1. Жазба бұрын соңды еш жерде жарияланбаған және интернеттен алынбауы тиіс.(Арнайы бағдарлама арқылы тексеріледі)
  2. Жазбаның көлемі кем дегенде А4 парағының бір беті болуы керек.
  3. Жазбаның авторы тек сіз болуыңыз керек.
  4. Жазба жалпыға түсінікті тілде қатесіз болуы тиіс.

Байқаудың жүру уақыты.

09.09.2016 — 30.09.2016 аралығында байқауға қатысатын жұмыстар қабылданады.

01.10.2016 – 30.10.2016 аралығында байқауға қатысушы жұмыстарға дауыс беру жүреді.

Дауыс беру әдісі.

Дауысты жазбаның төменгі бөлігінде көрсетілген Вконтакте немесе Фейсбук батырмаларымен бөлісу арқылы беруге болады.Осы әлеуметтік желілерде ең көп бөлісілген жазба жеңімпаз болып танылады.

Сыйлықтар.

1-орын алған жазба иесіне 10 000 тг ақшалай сыйлық.

2-орын алған жазба иесіне 5000 тг ақшалай сыйлық.

3-орын алған жазба иесіне 3000 тг ақшалай сыйлық.

Сыйлықтар жеңімпаздар анықталып, аты-жөндері сайтта жарияланған соң 24 сағаттың ішінде жіберіледі.

Сыйлықты жеткізу жолдары:

  1. Банкомат карточкаңызға немесе кез-келген ұялы телефон операторыңыздағы номеріңізге бірлік (единица) түрінде қалауыңыз бойынша алуға болады.

Жазбаны hat@erketai.kz немесе erketaikz@mail.ru электронды почтасына жіберіңіздер. Жазбаның астыңғы бөлігіне автордың толық аты жөні жазылуы тиіс.

smile

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Калай ойнай ын

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!