Фотобайқау «Біздің Еркетайымыз»


Erketai / Авг.7.2013. / комментария 2

Құрметті Еркетай сайтының тіркелушілері мен қонақтары !

Erketai.kz сайты фото байқау жариялайды. Әр үйдің өзінің еркетай бар. Жанұяңыздың еркетайының қызықты сәтінде түсірілген фотосуретінің бірін сайтқа жіберіп, фотобайқауға қатысыңыз!

Фото байқаудың тақырыбы «Біздің еркетайымыз» Өткізілетін уақыты: 01.08.2013-01.09.2013 Фото байқау шарттары:

Фотосуреттер 01.08.2013 — 15.08.2013 дейін қабылданады. 15.08.2013 бастап 01.09.2013 аралығында дауыс беру жүреді. Сайттың әр тіркелушісі фото байқауға тек бір фото суретін жариялай алады. Фото сурет сізге қатысы болуы керек(балаңыз, ініңіз, қарындас т.б) Жеңімпаздар сайт тіркелушілерімен қонақтарының дауыс беруі арқылы анықталады. Сайтта қандай фотосурет қанша дауыс жинағаны көрініп тұрады. Фото байқауда бір ғана фотосуретке дауыс бере аласыз, бірақ қалағаныңызша достарыңыз дауыс беру үшін өзіңіздің әлеуметтік желідегі акаунтыңызға ұнаған суретіңізбен бөлісе аласыз. Сол арқылы достарыңызды ұнаған фотосуретке дауыс беруге шақыра аласыз. Жеңімпаздардың дауысы бірдей болған жағдайда жеңімпаздар арасында 3 күн аралығында дауыс беру жүреді.

Жеңімпаздар төмендегі сыйлықтарға ие болады:

fotobaikau

1-орынға 3000 Актив бірлігі 2-орынға 1500 Актив бірлігі 3-орынға 500 Актив бірлігі 4-орынға Көрнекіліктер екі топтамасы(368ден аса көрнекілік суреттері) 5-орынға Көрнекілік суреттерінің бір топтамасы

Жеңімпаздардың сыйлықтары байқау аяқталған күнен кейін 3-күн аралығында байқауға қатысарда жіберген @-mail почталары арқылы жіберіледі.

Фотосуреттеріңізді сайттың Фотобайқау беті арқылы жібере аласыздар!

smile

комментария 2 Пікір қосу

  • керемет

  • керемет ұнады маған! ;) слайд қалай жуктесем болады?

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!