Балалардан-балаларға видео байқауының қортындысы


Erketai / Сен.27.2014. / комментария 2

baikau

Міне Еркетай сайтында жарияланған кезекті байқаулардың бірі өз мәресіне жетті. Байқауға 24 видео қатысты. Негізі қатысушылардың барлығы өнерлері әрі талантты балалар бірақ жарыс болған соң жеңімпаздар саны шектеулі болады.

Сонымен қарсы алыңыздар! «Балалардан-балаларға» видео байқауының бірінші орын иегері өзінің ойыншығын(күшік пе? әлде қонжық па? ) құшақтап «Айым болып тудың ба» атты әнін орындаған

Шораев Алдияр.(жинаған дауыс саны 76)

Екінші орын иегері Абайдың және Шәкәрімнің өлеңдерін өз нақышына келтіріп орындаған Ғапу Бекзат. (жинаған дауыс саны 65)

Үшінші орын иегері «Мен Қазақпын» өлеңін әсерлі орындап шыққан Ақнәзік есімді аруымыз. (жинаған дауыс саны 55)

Қалған барлық қатысушыларға байқауға қатысқандары үшін үлкен алғыс білдіреміз. Бірақ Еркетай сайты барлық қатысушыларға байқаудың басында уәде еткендей portfolios.kz сайтындағы портфолиолар топтамасын электронды почталарына жібереді.Ол үшін hat@erketai.kz электронды почтасына байқауға видео жіберген электронды почтаңызбен қатысушының аты-жөнін жазып жіберіңіз. Жеңімпаздарда дәл солай видео жіберген почталары арқылы ұялы телефонының номерін жазып жіберуі тиіс (номер актив байланысы болуы қажет)
Байқауға қатысқан және ат салысқандардың барлығына алғыс айтамыз.
Құрметпен Еркетай сайты

smile

комментария 2 Пікір қосу

  • «Балалардан — Балаларға» видео байқауының қорытындысын оқыдық. Байқау әділ өтті. Сайт ұжымына ризашылығымыз зор. Алда да осындай байқаулар көптеп ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар.

  • Балалардан балаларга атты байкау уйымдастырушыларына коп коп алгысымды билдиремин,Рахмет, алдагы уакытта сиздерден али талай коптеген жана байкау сайыстар кутемиз, Шыгармашылык табыстар тилеймин

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!