«Аяулы Анам» атты шығармаға байқау жарияланады!


Erketai / Фев.21.2014. / комментариев 39

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай

Еркетай сайты  «Аяулы Анам» атты  шығармаға  байқау жариялайды. 

Байқауға қатысатын шығармалар 1-наурызға дейін қабылданады.

Шығармаларға дауыс беру 1-ші наурыздан 8-ші наурызға дейін жүреді.

Байқау шарттары:

Konkurs

Шығарманың мазмұны «Аяулы Анам»  тақырыбына жақын болуы керек бірақ өзіңіздің шығармаңызға қалаған атты беруіңізге болады

Байқауға интернеттің барлық қолданушылары қатыса алады.

Шығарма интернеттен көшіріп алынбаған(міндетті түрде тексеріледі) көлемі ауқымды болуы тиіс.

Шығарма басқа бір адамның авторлық құқығын бұзбауы тиіс.

Шығарма жеңімпаздарын сайттың барлық қолданушылары дауыс беру арқылы анықтайды және ұнаған шығармаға әлеуметтік желідегі достарымен бөлісіп дауыс беруге шақыруларына болады.

Бір адам бір шығармаға 24 сағатта бір ғана дауысын бере алады.

Кім қанша дауыс жинағаны сайтта көрініп тұрады.

Шығарманы : hat@erketai.kz  электронды почтасына жіберулеріңіз керек және шығарманың ішінде аты-жөніңізді міндетті түрде  жазыңыз. Өз қалауыңыз бойынша шығармаға қоса фотосуретіңізді жіберуіңізге болады. (Суретіңіз шығармамен қоса жарияланады.)

Байқау жеңімпаздарына төменде көрсетілген сыйлықтар беріледі.

1-орынға

3000-Актив бірлігі

2-орынға

1500-Актив бірлігі

3-орынға

500-Актив бірлігі

Жеңімпаздарға сыйлықтары байқау аяқталған соң 3-күн аралығында ұялы телефондарына жіберіледі.

smile

комментариев 39 Пікір қосу

  • Аяулы анам такырыбындағы шығармага ән ұсынуға бола ма?

  • Салем! Текстік шығарма болуы тиіс.

  • сәлеметсізбе! менің 3-сыныпта оқитын інім бар. сол інім осы байқауға қатыса алады ма?

  • Сәлем! Байқауға кез-келген жастағы адамдар қатыса алады.

  • сәлеметсіздер ме? Менің қызым 3 сыныпта оқиды. Балаларға да 2000 символ болуы шарт па? Балаларға ол қиындау сияқты. Қалай ойлайсыздар?

  • Салем! Балаларға бұл міндетті емес.

  • Саламатсыз ба. шығарма текстік түрінде болғанда өлең,әңгіме бола береді ма? сосын алты жастағы бала мен отыздағы жігіттің шығармасы бір денгейде бағалана ма? Әлде ересектердікі бөлек бағалана ма?

  • Салем! Өлең түрінде жазылған шығарма болады. Шығармаларға дауысты сайт қонақтары мен тіркелушілері береді.Сондықтан бірдей бағаланады.

  • Саламатсыз ба? шығарма қанша беттен тұру керек. Мысалы 8 сынып оқушысы мен 6 сынып оқушылары қанша беи жазуы тиіс. және олар қатыса алама?

  • Салем! Шығарма 1500-2000 символдан тұрса жақсы. Бірақ екі-үш қатар жарты беттік мақала болмауы керек. Кез-келген жастағы адамдар қатыса алады.

  • Салем,ЕРКЕТАЙ! Ұстаздарға арналған байқауларыңыз болып тұра ма?

  • Салем! Құдай қаласа тек ұстаздарға арналған байқау ұйымдастырамыз. Егер Ұстаздарға арналған байқауға байланысты ұсыныс пікіріңіз болса жазып бөлісіңіздер.

  • Сәлем,Еркетай! Байқау аяқталған соң, жүлделі орынға ие болғандар дипломмен марапаттала ма? Біз үшін актив бірлігінен бір бет қағаз маңызды.

  • Салем! Электронды түрде беруге болады.

  • Оқушымның осы тақырыпқа жазған шығармасын ұсынуға бола ма?

  • Салем еркетай!менин шгармам биринши наурызга дейн жетпей калса не истемин?

  • Салем! Ол кезде байқауға қатыспайды өйткені сол күнен бастап барлық шығармалар сайтта жарияланады және дауыс беру басталады.

  • Ия болады.

  • Сәлеметсізбе! мен оқушымның шығармасын жіберіп едім, сайттарыңыздар көрмей турмын . сіздерге жетпеген ба?

  • Салем! Егер жіберсеңіз 1-ші наурыздан бастап барлық қатысушылардың шығармаларымен бірге сайтта жарияланады.

  • Сәлеметсіз бе? шығарма байқауына қатысқаны үшін алғыс хат,марапаттау беріле ме?

  • Грамотаның электронды нұсқасы жіберіледі.

  • Салем Еркетай! Жіберген шығармамды қайдан көруге болады. Қаншалықты дауыс жинағанын 1 — 8 наурыз аралығында көруге бола ма?

  • Салем! ертеңнен бастап сайтқа барлық шығармалар жарияланады. Сол кезде дауыс беруге болады және кім қанша дауыс жинағаны сайтта көрініп тұрады.

  • Мен бүгін жібердім, сіздерге бардыма екен қалай білем,бүгін соңғы күнго.Бармаса ертен кеш болып қаладығо. Aidos Serik

  • Керіден жібердім, келдіме екен? Қарап көресіздер ме?

  • өтінемін

  • Сізге жауабы почтаңызға жіберілді мақала қабылданды.

  • келді мақалаңыз.

  • шығарманы сізге қкалай жіберем

  • hat@erketai.kz эл.почтасына жіберіңіз.

  • электронды почтаңыз қабылдамай тұр гой

  • ана туралы өлең шығарып жіберуге болама?Нагима

  • Ия болады! Бірақ қысқа болмасын.

  • Сіздің мақалаңыз келді.

  • 1 наурыз күні жіберуге бола ма?

  • Шығармалар 1-ші наурызға дейін қабылданады делінген.

  • Сәлем ЕРКЕТАЙ ! Сіздермен байланыс жасағаныма қуаныштымын. Мен сіздерден алда қандай байқаулар бар екенін білгім келеді. Қай уақытта болатынын почтама жіберсеңіздер деп өтініп сұраймын.

  • Сайтқа жазылсаңыз кез-келген жаңалықтан хабардар боласыз.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!