Мақал-мәтелдер


Erketai / Сен.24.2012. / комментариев 35

makhal-matelder


Қазақ халқының мақал-мәтелдері және нақыл сөздер жинағы

Ел боламын десең бесігіңді түзе.

Бала тілі бал.

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

Бірлік болмай,тірлік болмайды.

Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

Не ексең соны орасың.

Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,

жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі

Жаяуға жол алыс.

Аш бала, тоқ баламен ойнамайды.
Тоқ бала, аш болам деп ойламайды.

Аспаннан киіз жаусада
Сорлы ұлтараққа жарымайды.

Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.

Жоқшылық  ердің қолын байлар.

Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.

Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы

Есекке алтын ноқта тақсаңда есек болады.

Балықшы балықшыны алыстан таниды.

Өтірік өрге баспайды.

Қанағат қарын тойдырады.

Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда қарызыңды өтей алмайсың.

Балалы үйде өтірік жатпайды.

Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол

Айтылған сөз атылған оқпен тең.

Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.

Жігітке жеті өнерде аз болады.

Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер

Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Көз қорқақ, қол батыр.

Соңғы түйенің жүгі ауыр.

Есектің жүгі жеңіл болса жатаған келеді.

Денсаулық зор байлық.

Ішің ауырса аузыңды тый,көзің ауырса қолыңды тый.

Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Атаның еккен ағашы ұрпаққа сая.

Әке өліп, бала қалса,
Мұратына жетеді;
Бала өліп,ата қалса,
Арманы іште кетеді.

Әке тұрып, бала сөйлесе шіркіндігі,
Аға тұрып, іні сөйлесе еркіндігі.

Атадан бала, мойыннан жаға озбайды.

Атасы басқа аттан түс,
Атасы бір, атқа мін.

Алыссаң атаң болса да жық,
Аясаң көтеріп жібер.

Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді.

Құлынында кісінемеген ат болар,
Атасын көрмеген ұл жат болар.

Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әр үйлі жанға ортақ.

Өзіңді көрген өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.

Ата даңқымен ұл өтер,
Ана даңқымен қыз өтер.

Атадан ұл қалса, өзі қалғаны,
Қыз қалса, ізі қалғаны.

Құс балапаны үшін торға түседі,
Ата баласы үшін азапқа түседі.

Тай ат болса, ат тынар,
Ұл ер болса, ата тынар.

Әке-бауыр, бала-тас.

Әке-жезде, шеше-күйме.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.
Әкесі достың баласы дос.

Әкеге баланың алалығы жоқ.

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Әке өлсе мүлкі мұра,
Аға өлсе жеңге мұра.

Әкең барда ел таны, көріп жүріп,
Атың барда жер таны, желіп жүріп.

Әке отырып, ұл сөйлегеннен без,
Ана отырып,қыз сөйлегеннен без.

Өз қолыңда болмаса, әкеңде жат.

Жақсы әке жездедей-ақ.

Соры қалың әкенің-
Кер бағып ұлы өседі,
Сөз бағып қызы өседі.

Баланың балалығына әкенің даналығы бар.

Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.

Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.

Аллаға сенген құстай ұшады,
Адамға сенген мұрттай ұшады.

Жоққа-салауат,
Барға-қанағат.

Кедейшілік есіктен кірсе,
Иман терезеден шыға қашады.

Садақаны сауыңда бер.

Ақ жол-айғақ,
Қара жол-тайғақ.

Адамның басы –
Алланың добы.

Атың жаман болса, қарың кетер,
Балаң жаман болса, арың кетер.

Жесір қатын ер болар,
Жетім бала ел болар.

Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.

Сын түзелмей-
Мін түзелмес.

Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.

Иілген басты қылыш кеспес.

Әркім өз кездігімен өлшейді.

Әркім өз бойына қарап-тон пішер.

Көштің байсал тапқаны
Көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны
Көлденеңге барғаны.

Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

Сезікті-секірер.

Аузы күйген –үріп ішер.

Керіскеннің кесірі-
Келген бақты кетірер.

Әділ болсаң ақжарма,
Жақсы іске билік қыларсың.

Сараңдықтың соңы-арамдық.

Малым-жанымның садағасы,
Жаным-арымның садағасы.

Үмітсіз жаннан без,
Қайырсыз малдан без.

Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.

Сөз-сүйектен өтер,
Таяқ еттен өтер.

Бар барын жейді,
Ұятсыз арын жейді.

Пасық адам белгісі:
Өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.

Ақ пен қараны шындық айырар.

Ар қайда болса,ұят сонда.

Ұрының арты қуыс.

Арыңды жастан сақта.

Қанағат кеткеннен-
Қасиет қашады.

Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол.

Алдыңа келсе,
Атаңның құнын кеш.

Малыңа сүйенбе,
Арыңа сүйен.

Ақкөңіл адамға-
Біреудің сырқаты да батады.

Жүре берсең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.

Пейілі жаман бәлеге жолығар.

Өзім білем –өрге апармас.

Ақ көңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да, жамандық шықпас.

Арақ атаңнан қалған ас емес.

Арақты итке құйсаңда ішпейді.

Өзге елдің оты,
Өз еліңнің түтініне татымас.

Сағынған елін аңсайды,
Сары ала қаз көлін аңсайды.

Ел аузына елек қойып болмас.

Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.

Адассаң елмен адас.

Елді іс біріктіреді, сөз бұзады.

Елді сөкпе, кенді төкпе.

Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ,

Ел ағыны мен су ағыны тең.

Ел қадірін көрген біледі,
Жол қадірін жүрген біледі.

Ел аузы дуалы.

Ел құлағы елу.

Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.

Есің барда еліңді тап.

Беліңнің мықтысы бір басыңа,
Еліңнің мықтысы бір ғасырға.

Жер шежіресі-ел шежіресі.

Жат елдің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.

Жақсы бала-сүйік

Жаман бала-күйік

Бесік баласы бес түлейді

 

smile

комментариев 35 Пікір қосу

  • 555

  • Балама оқимын

  • ОТЕ ЖАКСЫ МАГАН УНАДЫ

  • Керемет, ата бабам дарын шешен ғұлама болғанына қалай сенбейсің? халқым!

  • керемет мақалдар екен

  • дұрыс айткан керемет.

  • маған унайды мақал мәлетдеры

  • мақал мәтелдер жақсы өте тамаша

  • дұрыс айтады жақсы маған унайды жазған Нурай

  • тамаша жазған

  • оте керемет маган унады

  • Ем,салауат туралы макал мател тауып бериндеш

  • өте жақсы

  • керемет. рахмет.

  • оте жаксы керемет унады

  • жаксы

  • Өте жақсы

  • Керемет екен маган унады

  • тек еңбек туралы макалдар барма

  • барі бар.зор екен

  • китап турали макал малелдер болса

  • өте керемет дүниелер, рахмет!

  • өте жақсы рахмет!

  • оте жаксы маган унады

  • керемет

  • Жаксы бирак такырып такырып бойынша жазылса….

  • керемет,маған ұнады

  • Керемет мақалдар, бәрі өмірден алынған

  • Ой шіркін ,қазақтың мақалы ай!

  • Класс

  • Ote keremet

  • Ote tamawa

  • Өте мағыналы мақалдар екен.

  • Тазалық туралы жазсаңыздар, мысалы: қоқыстарды тастамау және қоршаған ортаны қорғау туралы,суды ластамау туралы нақыл сөздер және заңдылығын анықтап берсеңіздер.

  • тазалық туралы

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!