Ел аузынан алынған әңгіме


Erketai / Окт.9.2012. / Комментарии к записи Ел аузынан алынған әңгіме отключены

                                                            ШАПАЛАҚ
          «Кімде-кім жәннаттан үмітті болса, пайдалы сөз айтсын немесе үндемесін». Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбарымыздың осы бір қасиетті хадисін көкірегіне тоқып өскен бір мұсылман баласы қайда барса да тымпиып, тым-тырс отырады екен.
Әкесі:
-Балам жұмған аузын ашпайды, ауру емес пе? –деп емшіге көрсетіпті.

Емші әрі-бері қарап:

-Ұлыңыздың іші пысып , әбден зеріккен. Далаға қыдыртыңыз, бау-бақшаға серуеңдетңіңіз, сергітініз.
Баласын жетектеп, орман-тоғайды аралап, сейілдеп қоймапты. Әкесі тотықұсты ұстап алып, торға салып жатса:
-Әй, құсым-ай, байғұсым-ай! Үндемегенде торға түсіп сорламайтын ең!-дейді баласы. Сонда әкесі жалт қарап:
-Әй, сен сөйлейді екеңсің ғой. Мені неге мұнша әбігерге саласың?- деп шапалақпен тартып жіберсе, баласы басын шайқап:
-Тілімді тістеп мен де үндемей-ақ қойғанда , шапалақ жемес едім!-деген – екен.angimelers

ДҮРЕ

      Баяғыда бір өнерпаз жігіт он қадам жерден жіп лақтырып, иененің көзінен өткізеді екен. Патша сол жігітті алдырып:
-Осы өнерді үйренуге қанша жылың кетті?-деп сұрайды. Қошемет дәметіп тұрған жігіт:
-Жиырма жылым кетті,-дейді масайрап.
-Мынаған жиырма алтын беріңдер. Сонан соң жиырма дүре соғыңдар!-депті патша нөкерлеріне.
-Жазығым не?-дейді өнерпаз жігіт үрейленіп.
-Алла тағаланың өлшеп берген өмірінің бақандай жиырма жылын пайдасыз іске жұмсағаның үшін!-депті ашулы патша.

Ел аузынан жазып алған.
Көпен Әмірбек.

 

smile

Пікір жазу жабық.