Ертегі. Жалқаугүл мен Іскергүл

Жалқаулық туралы ертегіЕртеде бір Жалқаугүл мен Іскергүл деген екі қыз болыпты. Жалқаугүл еш шаруа істей алмайды. Ал Іскергүл болса, барлық шаруаны шапшаң істейді екен.Бір күні Іскергүл шелегін алып, құдыққа суға барады. Су алып жатқанда шелек құдықтың ішіне түсіп кетеді.Ол шелекті алуға құдыққа түссе, судың ішінде бір қария отыр екен. Ол қария қызға айтады: сен енді маған қызмет ет содан кейін шелегіңді әкетесің дейді. Іскергүл келісіп, қарияның ұсынған тапсырмасын орындайды. Жыртылған киімдерін жамайды, тамақ пісіреді,төсегін мамықтан салып береді. Пісіп тұрған нанды алып, қарияға тәтті тағам дайындап береді. Сөйтіп үйге кететін күні жақындайды. Іскергүл қарияға айтады: ата мен бүгін үйіме кетемін дейді. Қария Іскергүлге ризашылығын білдіріп, шелегіне гауhар тас салып береді де, Іскергүлді үйіне жібереді.Үйіне жете бергенде ,үйінің алдынан тауықтар шығып, алақай, алақай!Іскергүл келе жатыр қолында шелегі бар, ішінде бір уыс гауhар тасы бар деп айқайлайды. Далаға жүгіріп Жалқаугүл де шығады. Оған бар болған жағдайды баяндап береді.Біраздан соң Жалқаугүл жылап, шелегін алып, құдыққа барады. Шелекті суға лақтырып жібереді де,өзі құдыққа түседі.Шашы таралмаған, үсті басы кір қызды көрген қария шошып кетеді. Ата, менің шелегім түсіп кетті соны алуға келіп едім дейді.Қария тағы тапсырма береді. Берген тапсырманы орындай алмайды. Нан пісірейін десе, қолын күйдіріп алады. Тамақты дәмсіз пісіреді. Сөйтіп кетерде қария оған шелегіне мұз салып береді. Ол жылап үйіне қайтып келеді. Көптеген ертегілер топтамасын оқығыз келсе басыңыз.

Пікірлер3
  1. Жанна

    Тәрбиелік мәні жоғары. Ертегі айтып беріңізші десе, ойымыздан құрастырып айтатын едім, енді осы сайттағы ертегілер маған көп көмегін тигізіп жатыр.

  2. Асель

    Жалқаудың жаны тәтты , еңбектің наны тәтті деген осы. Ертегі ушін рахмет. Қажетімызге жарармыз

  3. Насиева Фая Хисметуллаевна

    Ертегі Шарль Перро жазған «Золушка» ертегісіне ұқсас.Мына ертегінің айырмашылығы екі кейіпкер Жалқаугүл және Іскергүл.Ертегі мазмұны балаларды жаман іс-әрекеттен аулақ болуға,жалқаулықтан арылтуға бағытталған.Ертегі желісі бойынша Іскергүлдік жақсы іс әрекеттері баланы таза,ұқыпты,
    тиянақты болуға тәрбиелейді.Біреуге жақсылық жасасаң сол жақсылығын адамның өзіне қайтып келетінің көрсетеді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ