Балаларға арналған әңгімелер

Мақтаншақ бақа 

Мақтаншақ бақа 2-сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның ерекше мақтаншақ екенін бұрыннан білетін. Бірақ бүгінгі қылығы есте қаларлық болды. Әдебиеттік оқу сабағынан кейін мұғалім оқу қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім екінші жарты жылдықта 55-60 сөз оқи алуымыз керек екенін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын ақтарып дайындала бастады. Тек қана мақтаншақ бақа осы кезге дейін, көптеген кітаптар оқығанын, ол үшін 60 сөз оқу қиынға соқпайтынын айтты. Мақтаншақ бақаның ойынша,білімді болу үшін, теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап оқып уақыт өткізгеннен не пайда.
Жапалақ мұғалім барлық оқушылардың оқу қарқынын тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті. Минутына 144 сөз оқыған аққу, 110 сөз оқитын қарлығаш және 89 сөз оқитын құмырсқа алғашқы орындарды иеленді. Барлық оқушылар оларға қызыға қарады. Мақтаншақ бақа «Мен неткен ақылдымын, бәрібір соңынан санағанда бірінші орын менікі»-деп мақтанды. Досым сен ше? Минутына неше сөз оқисың?

балаларға арналған, әңгімелер, қызықты, топтамалары, жиынтығы

Сүйкімді Ботагөз 

Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшаында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді. Бүлдіршіндер өз арман,тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады. Аздаған үзілістен соң оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансулу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарысаоқып беріп жатты. Тек қана Ботагоз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: «Ботагоз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?»-деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагоз өз жазғанын оқып берді. «Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам,ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме,сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады»-деді.   Мұғалім  сүйкімді Ботагозге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қарады, сыныптастары да үлкен ойға батып кетті.

Ерекше жаңа жыл

 2-сынып  оқушысы Әкежан анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте ерке  болып өсті.  Ата-анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне көптен күткен жаңа  жыл да  келді.  Әкежан үшін  басқа мерекелерден  гөрі  жаңа жыл сыйлығы  мол, тәттіге тоятын ерекеше күн.  Ата-анасы былтырғы  жылы бағасы  қымбат тұратын ұялы  телефон  сыйлаған болатын.  Аяз ата беріп жіберді деп ата-анасы  алдаса да,  Әкежан сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі. Биыл да ата-анасына  Аяз атадан  қандай сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп қойған еді.  Бірақ, жаңа жыл күні түні ақ халатты дәрігерлер келіп, анасын алып кетті. Аң-таң  болған Әкежан  әкесіне: «Әке, менің сыйлығым қайда? Аяз ата мені биыл ұмытып кетті ме? Анам қайда кетті?  Қалай жаңа жылды қарсы аламыз?»-деді жылам- сырап.  Сәлден соң телефон шырылдады.  Қуана жымиған әкесі: «Сен биыл ерекше сыйлыққа ие болдың , Аяз ата саған іні сыйлады»-деді. Бауырлары бар өзге балаларға  ерекше  қызғаныш- пен қарайтын,  Әкежанның  қуанышында шек жоқ.  Қатты қуанғаны сондай, қолын шапалақтап секіріп жіберді.  Әкежан үшін бұл жаңа жыл ерекше болды. Ол тіпті армандаған сыйлығын ала алмағанына да өкінген жоқ.

Мақала авторы: Жақсы ауданы.Жақсы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызы.

Erketai / Ноя.10.2013. / комментария 23

  • Асель

    жақсы әңгімелер екен

  • Аяулым

    жақсы екен шынымен менің 4 жасар сіңліме қатты ұнады

  • қарақат

    өте күшті екен іш пысқан да оқитын

  • Erkezhan

    маған ұнады жақсы екен

  • Хамит

    Мұндай қазақша сайт болған өтте жақсы, үлкен рахмет сізге

  • Айгерим

    Оте жаксы екен! Асиресе мактаншактык болмау керектигн уйретеди.жаксы талим тарбие

  • Айсулу

    оте жаксы менин кызым мактаншак баканын исине карап узак ойланып турды ал содан сон кызым теледидарды коп кормей,сабак окитын болды

  • МЕРУЕРТ

    ОТЕ ЖАКСЫ ЕРТЕГИЛЕР ЕКЕН

  • Дилназ

    білім туралы керек болып тур

  • Дилназ

    ұнаған жоқ

  • жібек

    маған менің сүйікті устазым туралы керек

  • милана

    《Я мультикты коре берсен коз ауырады я??》 дедi сiнлiм. Ойландыратын жаксы ертегi екен

  • Самал

    Біз бұл сайттан алаңсыз шықпайтын болдық. Рахмет балаларыма сайттарыңыз қатты ұнайды.

  • Мөлдір

    Осы әңгімелердің авторы менмін. Ботагоз.Ержасын,Әкежан,Жансулу,Жансая менің сыныбымның оқушылары. Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан әр оқушымды бақылап жүремін. Осы әңгімелерді оқушыларымның кейбір қылықтарына сүйсініп жүріп жазған едім. Сіздеремн бөлісетін әңгімелерім өте көп. Айтайын дегенім. Аты-жөнімді жазсаңыздар екен. Жақсы ауданы.Жақсы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызы.

  • Мөлдір

    Өтірік өлең

    Тышқанменен сауысқан байқаусызда
    Көк теңіздің астында кездесіпті.
    Жылынуға таласып сондағы отқа
    Түкті кілем үстінде белдесіпті.

    Қоян сұлу алмаға құмар болыпты,
    Жан құрбысы момын сұр жылан бопты.
    Шәй ішпек боп досына кетіп еді,
    Інінен сұр жыланның жылап шықты.

    Қой келді қос қасқырды жегіп алып,
    80 жыл жүргеніне егін салып.
    Ұзақ жыл жасағанын халқы біліп,
    Бергенді хрустальдан алқа тағып.

    Маусымда мұздан түлкі үй салыпты,
    Үйіне шақырыпыт үш балықты.
    Қақпанға тышқан түсіп қалған екен,
    Ескі дос мысық келіп құтқарыпты.

    Айнадан естіп әлем жаңалығын,
    Кірпіштен ән естілді жаңа білдім.
    Көрді де маймыл күлді өзіне-өзі,
    Алғаш рет айтады саналымын.

    Досым бар марғау аю оқымысты,
    Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.
    Әр сөзіме сенсе де шыншыл Айса
    Дейді Пушкин мені әйдік өтірікші.

    Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызы
    Жақсы ауданы
    Жақсы №1 орта мектебінің мұғалімі

  • http://erketai.kz Erketai

    Салеметсіз! Аты-жөніңіз мақала авторы ретінде жазылып қойылды.

  • Құндыз

    Мектепке дейінгі балаларға арналған әңгімелер жокпа бәрі сынып деп басталады екен

  • Аружан Тоқтарханова

    өте жақсы әңгімелер екен.Маған ұнады.

  • Асел

    жаксы екен бирак узагы керек

  • Аяулым

    мынау жаман емес маган оте узагы керек

  • Наргиза

    жаман емес типти кушти менин Аяулым деген Адилжан деген инимге синилиме унады

  • http://vk.com/id296655977 Молдир Жанатова

    маган унады оте кызыкты жане оитутарлык

  • Бағила

    Тəрбиешілерге керекті əңгімелер. Рахмет