Бақа қайда барады?


Erketai / Сен.17.2013. / комментария 2

baha

Баяғы заманда бір кішкене бақа өмір сүріпті. Ол көл бетіндегі құты сияқты әдемі гүл қауызын мекен етеді.

—  Бақ-бақ, бақ-бақ! — дейді бақа.

Бақа жасыл жапырақтың бірінен-біріне секіріп мәз болып жүреді.
Айналасына көз салып, не қызық бар екен деп қызықтайды.

Бақа серуендеп, алаңқайға шықты. Міне, шөп өсіп тұр. Жап-жасыл.

Шыбын-шіркейлер ызылдап жүр: «Ыз-ыз-ыз!»

Аралар да тынымсыз ызыңдап жүр: «Ж-ж-ж-ж!»

Ал, мынау кім? Жер бетінде жыбырлап, бірдеңе жүріп келеді. Ұлу екен. Бақа оған қарағанда өзінің жылдам екенін ұқты.

Алаңқайдың ортасында әдемі гүлдер өсіп тұр. Мынау — ақ гүл. Мынау -қызыл гүл. Мынау — сары гүл. Мынау — көк гүл. Түрлері таңғажайып.

Онсыз да әсем алаңқайға бір кезде көбелектер ұшып келіп, айнала тіпті әсемденіп кетті.

Көбелектер де түрлі түсті — ақ, қызыл, сары. Бақа, әсіресе, қызыл көбелекті ұнатты. Бір қараса, ол көрінбей кетті. Осы сиқырды бақа артынан түсінді  қызыл көбелек қызыл гүлге қонғанда көрінбей кетеді екен!

Бақаның көңілі өсіп кетті. Бақа серуендеп, әрі қарай алаңқайға шықты.

Міне, шөп өсіп тұр. Жап-жасыл. Шыбын-шіркейлер мен аралар тыным­сыз ызылдап жүр: ж-ж-ж!

—  Бақ-бақ, бақ-бақ! Бақа әрі қарай жүрді.

Орманда бақа Қонжықты кездестірді. «Дүңк-дүңк!». Мынау — бұталар. Жемістері қандай?! Қонжық жидек теріп жеп келеді. «Ням-ням!» Шаршап кеткен болу керек, ағаш түбіріне отырып дем алды.

Бақа қараса, балық жүзіп келеді: бүлк-бүлк! Міне, балық жағаға жақындады. Қамысқа қарай жүзді.

Ал, су бетінде ызыңдап маса ұшып жүр. «Ыз-ыз-ыз!» деп әндетіп қояды.

Балық секіріп — масаны ұстамаққа тырысуда. Бірақ, маса ұстатпады. Құтылып кетті!

Бір мезетте бақа көл бетінде жүзіп жүрген үйрек-ананы көреді. Артында ерткен балапандары бар. Бір, екі, үш… Көп.

Үйрек-ана: «Кря, кря, кря! Маған қарай жүзіңдер!»

Балапандар: «Кря-кря-кря!» Табандарын тарпылдатып жүзіп жүр.

Анасы бар, баласы бар, барлығы жүзіп жағаға шықты.

Әрі қарай, орманға бет алды. Мынау — тал. Мынау — шырша. Соқпақпен секіре жөнелген бақа ағаш түбіртегіне келіп отырды.

Қараса, алдында қоян секіріп жүр. Секең-секең! Бір кезде қайдан келгені белгісіз — Түлкі пайда болды. Қорқып кеткен қоян «ойбайлап» тұра жүгірді.

Жанынан кірпі жүгіріп өте шықты. Тікендерін-ай! Бақа кірпінің соңынан қалмай жүгірді…

Кірпі орманға қарай бет алды. Бақа қалар емес. «Шиқ-шиқ-шиқ!» деген дауыс шықты.

Басын көтеріп қараса, төбесіндегі бұтақта кішкентай құстар отыр: «Шиқ-шиқ-шиқ!» — деп өлеңдетіп қояды. Қанаттарын қағып-қағып әндетеді.

Ұядағы балапандары болса, ауыздарын ашып, «ши-ши-ши» — деп тамақ сұрап қояды. Аналары мен әкелері оларға кішкентай құрттар әкеліп беріп, та-мақтандырды.

Бақа жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Қанша секірсе де, Кірпіні қуып жете алар емес!

Бір мезетте басына қарағай жаңғағы құлап түсті: «Тоқ!» Бақа төбесіне қараса, бұтақта Тиін отыр. Жаңғақ шағып, мәз болып.

Тиін бұтақтан-бұтақка секіріп қояды. Көрші тал басындағы құстарға қонаққа да кіріп шықты. Бақа әрі қарап, бері қарап, секіре жөнелді.

Кешкісін шаршап-шалдығып, үйіне де жетті-ау?!

smile

комментария 2 Пікір қосу

  • Өтінемін маған Бақа қайда барады ертеги керек болып тур. Калай скачать етсем болады???? Жауап жазуларыңызды сұраймын.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!