«Арайлы күнде қонақта»словак ертегісі

күн, балапан, сауысқан, қоян, үйрек, кірпі, ертегіБірде үлкен бір бұлт келіп, бар аспанды жауып алды. Айнала түнеріп, ал¬тын күн үш күнге дейін көзге көрінбей қалды.
Жан-жануарлар мен өсімдік атаулы күн сәулесін көруге зәру болып қалды. Әсіресе, кішкене балапандар қиналды.
— Күн қайда кетті? — деп күрсінді олар. — Оны аспанға тезірек қайтармаса болмайды!

— Оны қайдан табасыңдар? — деп, сенімсіздік танытса да күркетауық балапандарды жолға жинай бастады.
Балапандар жолға шықты. Келе жатыр, келе жатыр… Қараса: бақшада, қырыққабаттың жапырағында ұлу отыр екен. Өзі сондай үлкен, айыр мүйізді, сыртында ақшыл түсті қабы бар.
Балапандар тоқтап:
— Ұлу, ұлу, сен күннің қайда тұратынын білмеймісің? — деп сұрайды.
— Білмеймін. Ана бұтақта сауысқан отыр, мүмкін сол білер…
Ал, сыпылдақ сауысқан тосып тұрмады. Балапандардың жанына өзі жылдам ұшып келді де, суылдап сөйлей жөнелді:
— Балапандар, балапандар, қайда барасыңдар? Айтыңдаршы?!
— Күн тығылып қалды. Үш күн болды көз жазып қалдық. Оны іздеуге бел шештік.
— Менің де барғым келеді. Мен де сендермен барамын!
— Ал, сен күннің қайда тұратынын білемісің?
— Мен, білмеймін. Бірақ, менің көршім қоян білуі мүмкін…
Қоян өзіне бір топ қонақ келе жатқанын көріп, тымағын жөндеп, мұртын сүртіп, қақпасын айқара ашты.
— Қоян, қоян, күннің қайда тұратынын білемісің? Біз оны іздеп жүрміз! -деп балапандар шиқылдап, сауысқан сыпылдай жөнелді.
— Мен білмеймін, ал менің көршім үйрек білуі мүмкін, ол арық жанында қамыс арасында тұрады.
Қоян жиналғандарды арық жағасына апарды. Үйрек ұясында болып шықты.
— Ау, көрші! Үйдемісің?! — деп қоян айқайлады.
— Үйдемін, үйдемін! — деп дауыстады үйрек. — Күннің көзін көрмегелі үш күн болды ғой! Кептіріне алмай, қиналып отырмын.
— Ал, біз дәл сол күнді іздеп бара жатырмыз! Күннің қайда тұратынын білесің бе? — деді балапандар, сауысқан және қоян.
— Мен білмеймін, өзеннің арғы бетіндегі ағаштың түбінде кірпі тұрады. Сол білуі мүмкін.
Барлығы өзеннің арғы бетіне өтті. Кірпіні іздеп тапты. Ал, кірпі болса, ағаштың түбінде мызғып отыр екен.
— Кірпі, кірпі! Күннің қайда тұратынын білесің бе? Күннің көзін көрме¬гелі үш күн болды ғой! Күн сырқаттанып қалған жоқ па? — деді балапандар, сауысқан, қоян және үйрек.
Кірпі ойлана сөйледі:
— Қалай білмеймін? Күн қайда тұратынын мен білемін. Анау тұрған тауды көріп тұрсыңдар ма? Сол таудың ұшар басында — үлкен бұлт қонақтап тұр. Бұлт жанында күмістей жарқырап ай тұр. Соны тапсаңдар, күнді қол созым жерден көруге болады!
Кірпі қолына таяқша алды да барлығына жөн сілтеп, жол бастады. Шаршап-шалдығып, үлкен таудың шынар басына да жетті-ау?! Қараса, ала бұлт түнеріп, тау басына жабысып алыпты. Кетер ойы жоқ!
Балапандар, сауысқан, коян, үйрек пен кірпі бұлттың басына отырып алып, оны ұшуға көндірді. Барлығы тікелей айға қонақка келді.
Ал, ай болса, өзіне бір топ мейман келе жатқанын көре сала, жарқыратып жолдарына сәулесін шашты.
— Ай, ай! — деп дауыстады оған балапандар, сауысқан, қоян, үйрек пен кірпі. — Бізге күннің тығылып жатқан жерін көрсетші! Үш күн болды көрмегелі, онсыз қатты қиналып кеттік.
Ай оларды тұп-тура күн үйінің қақпасына алып келді. Қараса, үйінде жарық жоқ. Күн қатты ұйықтап жатыр. Тіпті, оянатын түрі жоқ!
Сауысқан шықылықтап, балапандар шиқылдап, үйрек бақылдап, қоян құлақтарын қайшылап, кірпі таяғымен қақпаны соққыштап, барлығы бірге күнді оята бастады.
— Күн, алтын күн! Көзіңді ашшы! Шуағыңды шашшы!
— Тереземнің түбінен шуылдап, маған ұйқы бермеген кімдер бұл? — деп ренжіді күн.
— Бұл біздер ғой — балапандар, сауысқан мен қоян, үйрек пен кірпі. Сені оятуға келдік. Тұршы, таң атты.
— Ох-ох! — деп күрсінді күн. — Мен қайтіп жарқыраймын? Үш күн болды бұлт жауып, мені әбден кір басып кетті…
Қоян мұны ести сала, қолына шелек алып, өзенге жүгірді. Су тасыды.
Үйрек күнді сабынмен көпіртіп, шомылдыра бастады.
Кірпі өзінің тікендерімен күннің кірін қырып кетірді.
Сауысқан бетін сүртті.
Балапандар күннің киімінің шаңын қақты.
Күн жарқырап шыға келді. Аспанға көтеріліп еді, алтындай сәуле шашқаны соншалық, айнала тегіс шуақтанып, күн жылынып, жер беті көңілді болып кетті.
Күн — тіршілік көзі!
Жылынайын деп сыртқа тауық та шықты. Балапандарын өзіне шақырды. Олар да мәз.
Аулада әрлі-берлі жүгіріп, бидай дәндерін шоқып, шаттанып жүр.
Сенбесеңдер, өздерің далаға шығып қараңдаршы?!

Пікірлер3
  1. Назым

    ертегі екен Маған ұнады.

  2. Інжу

    өте күшті ертегіюия күнсіз тіршілік жоқ

  3. Тансулу

    Бул оте жаксы ертегы, бул ертегыде адамга жан-жануарларга керек екены жайлы айтылган .Кунсыз тыршылык жок!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ