Әр түрлі тақпақтар топтамасы

Балаларға арналған тақпақтар, өлеңдер жинағы

Жақсы адам боп шығамыз

Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен, —
Тәрбиеші тәтеміз.
Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды,
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды

Тәрбиеші тәтеміз.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз,
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс,
Тәрбиеші тәтеміз.

О.Асқар

Тәй-тәй қуыршақ

Жуынбайды жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Тығылмайды тығылсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Қуыршақтың тұсауын кес,
Қуыршағым қаз-қаз,
Қыдырайық аз-маз.

Ү.Есдәулет

1 сыныпқа тақпақтар, өлеңдер тақпақтар, тақпақтар балабақшағаБағдаршам

Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ сөзін:
«Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып»,
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Көзін ашып-жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.

Ә.Табылдиев

Жолдар

Поезд мінесің,
Темір жол мен жүресің.
Кеме мініп,
Көк теңізді тілесің.

Самолетпен самғап ұшып аспанға,
Әуе жолы болатынын білесің.
Асфальтта автобуспен зымырап,
Алыстарға жол шегесің тым ұзақ.

ӘДуйсеков

Күн

Кең аспан ғой Ай, Күннің
Қашаннан-ақ тұрағы.
Кейде сол Күн Айгүлдің
Көзінде де тұрады.

Кейде кіріп бөлмеме,
Ол ойнайды айнада.
Шомылады көлге де,
Шуақ шашып қайда да.

С.Оспанов

Кім немен ойнайды?

Теңізші болатын бала,
Бұлақпен ойнайды.
Емші болатын бала,
Сынаппен ойнайды.
Батыр болатын бала
Қынаппен ойнайды.
Жарықты жағатын бала,
Шырақпен ойнайды.
Шопан болатын бала,
Қозы, лақпен ойнайды.
Диқан болатын бала,
Топырақпен ойнайды.
Ғалым болатын бала,
Кітаппен ойнайды.

М.Хакімжанова

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер15
  1. Эльвира

    Жақсы екен жыр шумақтары,балалардың тілдеріне де оңай.Рахмет сіздерге

  2. Ляйла

    Керемет жазылған тақпақтар. өте керемет.

  3. Насихат

    Еркетайга мын алгыс

  4. Маржан

    Баланың сөйлеуің дамыту үшін ең алдымен таппақ жаттату өте дұрыс

  5. Мулдир

    Алгысым шексиз сайт кызметкерлерине .балама осы такпактарды жаттаткызып журмин

  6. Жанар

    Сәлематсыздар ма! Рахмет осындай тақпақтар жинақтағандарыңызғы. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

  7. Бисенбаева Мирамкүл

    Бұл тақпақтардың пайдасы менің оқушыларыма көп тиді, осы сайттан алып , тақпақтарды жаттап жүр. Сіздерге көптен көп алғысымды білдіремін. мектепте жолда жүру тәрбие сағатында осы тақпақтарды пайдаландық. Өте керемет. Рахмет.

  8. Бибігүл

    балаларға жаттауға ыңғайлы мағыналары да ұйқастары да жеңіл осындай әдемі тақпақтар шығарғандарыңызға көп рахмет! осы сайтка ұжымға үлкен рахмет!

  9. Айдарбайқызы Ақмарал

    Тақпақтарыңыз өте жақсы. Оқу қызметтерімде үнемі тақпақтарыңызды пайдаланып тұрамын. Пайдасы мол сайт. Рахмет баршаңызға.

  10. Аиша

    Сәлеметсіздер ме? Мен кез келген оқу қызметтерінде, мерекелерде осы сайтта жарияланған материалдарды өзіме көмек ретінде қолданып келемін. Сол себепті де осы сайттың ұжымына және сайтты қолданушыларға алғыс айтамын. қарап отырсам тақпақтарда өте жақсы жазылған. Балалардың айтуына әрі тез жаттап алуларына ыңғайлы және мағыналы. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

  11. Самал

    ЕРКЕТАЙға үлкен алғыс!!!

  12. Съезхан

    Сәлеметсіздер ме!!!
    Менің балама балабақшада саңырауқұлақ туралы өлең жаттап кел депті. Қайдан алуға болады? Айтып жіберсеңіздер

    1. Erketai (автор)

      Салем! Ол жағын білмедім

  13. ұлпан

    Cәлеметсіздер ме? мен өз алғысымды жеткізсем деп едім.Өте пайдалы әрі қажетті сайт.Рахмет!сіздерге…

    1. Erketai (автор)

      Оқасы жоқ. Сізгеде еркетайға осындай жоғары баға бергеніңіз үшін көп рахмет!!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ