Тақпақтар жинағы


Erketai / Авг.24.2015. / Пікірлер жоқ

Қазақстан – менің Отаным
Ерлігі бар даңқы бар,
Бірлігі бар халқым бар.
Отан үшін аянбай,
Ұрпағын мәңгі талпынар.

Отаным менің ардақты,
Қазағымның ордасы.
Ғасыр бойы жалғасқан күреспенен,
Азаттықтың арайлы таңы атты.

balalardin-takhpakhtari-2015

Ұстазыма
Аттанғанда алғаш мектеп есігін,
Үйреттіңіз маған білім бесігін.
Құлшынамын әрқашан жалықпаймын,
Көкейімде ұстаз ұлы есімін.
Ұшыра бер ұстазым сан түлекті,
Рухыңыз мәңгі сіздің құдіретті.
Білім алып самғайды қырандарың,
Ақтаймын ұстаз күткен зор үмітті.
Қадірлеймін әрқашан ұстаз ана,
Сыйлайды өзіңізді барша бала.
Сізден тәлім алған ұрпақтарың,
Дарынды болар білімді ұққан ғана.

Көктем
Көктем келді құлпырып,
Арықтардан су ақты.
Мал төлдеді мыңғырып,
Бәйшешектер гүл ашты.

Жан – жануар оянып,
Бақта бұлбұл сайрайды.
Жасылға талдар боянып,
Егінші кетпен сайлады.

Жаз
Жаз да келді жадырап,
Құшағыма гүл шоқтарын сыйлаған.
Аспанымда күнім шығып жайнаған,
Жерімізді жасыл кілем бойлаған.

Абайға арнау
Түнек басты қазағымның кең даласын,
Сол түнектің шам шырағы сен боласың.
Абай ата жанашырлық қасиетпен,
Адалдыққа баулыған қазағымның бар баласын.

Абай ата жыр алыбы сен халқымның,
Өзінізден үлгі алып мен талпындым.
Әрбір жазған өлеңінмен қара сөзін,
Ой санасын оятады өркімнің.

Абай ата дарасың сен қазағымда,
Ой өрісін ұшқыр ғой талабында.
Сөз патшасы өлең деп жырлап кеткен,
Өзіңсің ғой халқымның данасы да.

Авторы: Жанадилова Айнагүл

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!