Тақпақтар (Алғашқы қоңырау, Жаттығу)


Erketai / Сен.11.2014. / Пікірлер жоқ

Алғашқы қоңырау

 

Жаз қызығы телегей,

Мүмкін емес тауысу.

Сәті туды мінекей,

Мектебіммен қауышу.

 

Ол да бізді күтеді,

Айқара ашып есігін.

Дүрсілдейді жүрегі,

Бар баланың осы күн.

 

Жанарында мейірім,

Ұстаздардың бәрінің.

Танытады пейілін,

Күлкі көміп миығын.

 

Қайырлы күн, құт қадам,

Құтты болсын баршаңа.

Сәтті болсын аттаған,

Оқу жылы – бұл жаңа.

Алғашқы қоңырау,жаттығу,тақпақтар,балаларға

Қоңыраудың үнінде,

Бір құдірет бары анық.

Тұрмыз күтіп бүгінде,

Сол дауысты қуанып.

 

Сағынышпен табыстық,

Мектепке кеп міне,біз.

Болсын елде тыныштық,

Бейбіт күнді сүйеміз.

 

 

         Жаттығу

Шаршай қалса  көзіміз,

Жаттығамыз өзіміз.

Қолға ұстап  қаламды,

Оңға қарай бұлғаймыз.

Жалғастырып санауды.

Сол жаққа да қараймыз,

Ойнатамыз жанарды.

Бір , екі, үш,төрт, бес,

Шаршау бізден көш!

Жоғары да, төменде,

Қолымызды созамыз,

Ширақ жүрсек осылай,

Біз әрқашан озамыз.

 

Темірхан Әбдіков

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!