Сенде өстім сенде жүрдім ауылым


Erketai / Окт.18.2013. / Пікірлер жоқ

Сенде өстім сенде жүрдім ауылым

Маған қымбат нөсерлеткен жаңбырың

 Жүрегіме әсерлеткен ақ желің

Мәңгілікке сенсің енді ән жырым

Сенде өтті ең қызықты әр күнім

Сайрады сенде бау бақта бұлбұлым

Жайылмамсың менің ата мекенім

Мен сені мәңгілік мақтан етемін

Бүгінде жағалап жүргім келіп тұр

Қара таудың гүл жайнаған етегін

Сен менің ауылым алтын бесігім

Өзіңе сай ғой жайылма есімің

Көктемде аңқиды көк жусаның

ауыл туралы, ауыл туралы өлең

Әр күндерде атады нұрлы таңың

Мен өзімді мәңгілік ұмытсамда

Ал сені қалайша мен ұмытамын

Сақталып тұр ойымда бала шағым

Қалай мен сол шағымды қайтарамын

Сеннен ұзап кеткенде мен алысқа

Жайылма деп атыңды қайталадым

Сақтаған туған жерін ата сөзін

Өз жеріңе жер жетпес деп айталамын

Тым алыста жүріп мен саған жетсем

Қуанамын тағыда жайтабамын

Өмірімде жырымды арнап өтсем

Жырымды саған арнап жалғау етсем

Мен ұлыңмын Жайылма өзіңде өскен

Саған арнап жыр жаздым атамекен

Қыста жауар нәп-нәзік аппақ қарым

Қысы суық аязды қара тауың

Кейде қысың болады қары қалың

Жеріне жер жетпейді Жайылманың

Ауылым кең далаңда ән салғанмын

Бала күнде ойын қуып шаршағанмын

Өмірде өз жері бар барша адамның

Өзіңе арнап мәңгілікке жыр жазамын

Мәңгілікке мен сені мақтан тұтам

Көңілімде тағы да шаттанды ән

Бағың айдай ашылсын аспаныңда

Саған арнап жыр жазады ақын балаң

Мен сені сүйіп өтіп мәңгілікке

Тек өзіңді жырлайтын ақын болам.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!