Өнерлі өрендер №5

Нұрсұлтан аға

Азаттықтың желбіретіп көк туын,
Болып әлек өшіруге ел мұңын.
Еңбегі мен ерлік ісі ұштасып
Қосып басын үш жүзімнің бірлігін!

Қыран болып, қорғаны еді елімнің,
Нәрлендірген бұлағындай көгімнің.
Елбасымыз Нұрсұлтаным жаcасын.
Тірегісің қасиетті жерімнің.

Елбасы
Көрсетіп ақ жол, жігер, қайратын
Әні сенсің ақындарым жалғайтын
Мен де бір ұрпақ, әнге арқау қосатын
Тілектеспін ақ жолыңа әнді арнайтын.

Еліммен бірге көтеріп жүгін мұңайып
Отан деп соққан жүрегім еш талмайтын
Жасасын жаса Елбасы біздің төреміз
Ұлтымды бірге тыныштықта сақтайтын

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр №2 орта мектебі
5″Б» сынып оқушысы: Заманов Ильдар

тақпақтар

Самат және сабақ

Самат келді сабақтан,
Киімдерін шешпестен,
Асады кеп тамақтан.
Сөйлеп отыр лепіріп,
Аузы, қолы босамай,
Тойып отыр кекіріп.
— Атаман, мен, атандым,
Меніменен күрескен,
Баласы еді Боқанның.
-Ал, сабақтан неше алдың?
-Жеңешемді қорқытып,
Ана тілден «5» алдым.
-Қорқытқанда не дедің?
-Бар болғаны екі-ақ сөз:
«Көкеме айтам» дегенім.
-Ай, балам-ай, бұл ісің,
Ұнамай тұр әкеңе,
Бұлай жүрген жүрісің!

Ақтөбе облысы Алға ауданы Ақай ауылында қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Бердеева Раушан Мұратқызы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ