Оқушылар шығармасы


Erketai / Дек.14.2013. / Пікірлер жоқ

Павлодар  облысы,  Екібастұз  қаласы №11 жалпы орта білім  беретін мектептің  2  «Ә» сынып  оқушысы   Тұрарбек  Әнел

 

okushi

Елбасымыз  Ардақты!

Тәуелсіз елде  тұрамыз,

Біз  бақытты ұланбыз.

Таза  сәби  жүректен,

      Қабылдаңыз  мың  алғыс

*****************************

 

Ағашты  босқа  кеспе,

Бұзық  балаларға ілеспе.

Қайта  оны  қадірлеп,

Су құй  күнде  кешке.

****************************

Сүйікті  қалам,

Әсем қалам,бай қалам.

Мен өзіңмен әрқашанда  мақтанам.

Оқушылар, шығармасы, тақпақтары, эссе, Эссе-шығарма

 Павлодар  облысы,  Екібастұз  қаласы №11 жалпы орта білім  беретін мектептің  6  «Ә» сынып  оқушысы  

 Сатимова Сымбат  Абзаловна

okushi2

Эссе-шығарма

Бәрі де махаббаттан бастау алады?

        Мен, Екібастұз қаласы  № 11 жалпы орта білім беретін мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы  Сатимова Сымбатпын.

«Бәрі де махаббаттан бастау алады» деген тақырыпта өз ойымды білдірсем деп ойладым. Махаббат әрбір адамды  бейтарап қалдырмайтын,адам өмірінің мәні мен маңызы,сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көз қарасы,өзіндік ой пікірі,түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық.

Менің Қазақстан атты Отаным бар.  «Отан- оттан да ыстық» демекші, мен өз Отанымды мақтан тұтамын.

Сонау ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан да мойымады,күресе білді,азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Міне ата-бабаларымыздың арқасында қазақ халқының өз жері,елі бар. Мемлекетіміздің Елтаңбасы,Туы,Әнұраны бар.  Мемлекетіміздің тарихи тағдыры, мақсаты тіл арқылы баянды болмақ. Тіл-байлығымыз,тіл-тағдырымыз,тіл-мәдениетіміз,тіл-әдебиетіміз. Тіл-біздің ұлттық намысымыз, арымыз.

Менің ата-анам мені қазақ мектебіне берді. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігіне,орасан зор байлығына таң қаламын.

Биылғы жылы Тәуелсіздігімізге 23 жыл толады екен. Мен Астанамызға ғашықпын. Қандай көркем,қандай әсем қала! Тура,бір ертегі әлеміндегі қала сияқты.

Туған елге,өскен жерге,Отанға деген махаббатты әсерлі сөзбен  менің жеткізуім мүмкін емес. Бірақ ақын-жазушы,суретші аға-әпкелеріміз сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізуде. Сол өлеңдер,суреттер арқылы, біздерде   сүйіспеншілік,мақтаныш сезімі оянады.

Біз үшін,дүниеде Қазақстаннан   қасиетті,

Қазақстаннан киелі ешбір жер жоқ!

Ол қазақ үшін қастерлі, қасиетті.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!