Қыстаубай Алтынбектің өлеңдер жинағы

Тәуелсіздік таңы.

Тәуелсіздік тұғырымның талқандалмас айғағы,

Еркін болып,ер езгіден құтылып.

Бодандықтан,кедейліктен,аштықтан,

Өткен ата ұрпақтары біз бүгінде жайдары.
Сарай салып өз алдына арқадан.

Біз бақытты балалармыз бар қайғысы тарқаған.

Атағымыз жарты әлемнен ары асқан.

Тауларымыз асқақ биік көк жүзімен таласқан,

Дәл бұл күнде бағы биік жер таппассың Алаштан.

Сарқып ішіп қазанының ас дәмін,

Менде бүгін басқа уайым,басқа мұң.

Енді саған тілемеймін жамандық.

Көк түтінмен,ащы суға алданбасын жастарың.

 

Көк бөріде қасиетінен иіген,

Сөз боп тұнған,берекесі күйінен.

Асуларың алда әлі көп болсын!

Бір Аллахтың даңқың ассын сыйымен.

 

Еуропа әлем халқы көз тігуде күнде бұл,

Қанжығаңа атан байлап келсін күнде жүлделі ұл.

Тау суындай асау әрі айбатты,

Жаса мәңгі Қазақ Елім байрақты.

                                            

Мұзбалақ ақын Мұқағалиға арнау 

Жазылар естеліктер мен туралы…М.Мақатаев.  

                

Сіз туралы таусылмайды елдің әсем жыр әні,

Ашылмаған көп секілді сізден аға сыр әлі.

Өткір тілмен кескілейін

Сіз айытқандай тіл емеспе

Ақынның бас құралы,

Сіздей ақын керек еді әлі қазақ халқыма

Ақындарды көріп жүрміз бос кеуде

Жаттап алып өлеңіңді әсем самал ескенде

Оқып жүрмін қыз-жігіттер бас қосатын кештерде

Қуанамын өлеңмен нұр жаққанға

Шаттанамын сізге ұқсап баққанға

80 жасың құтты болсын,ер аға

Ақ ұлпа қар жерді сәндеп жапқанда

Дүркіретіп тойлар талай

Аман тұрса еліңіз

Туған күнді ақ үскірік ақпанда

Өлеңіңнен қуат алам бойыма

Әсем әндер ой қосардай ойыма

Өмірге енді қадам басқан ініңнің

Тартуы бұл ақпандағы тойыңа.

Өлең, тәуелсіздік туралы, балаларға, әке туралы өлең, Мұқағалиға арнау

   Әкеме арнау 

Таңдар атып ,күндер батып.

Жалғап өмір тізбектері.

Сағынамыз асыл әке .

Жылда таяп сіз кеткелі.

Қоңыр күндер,қоңыр кештер.

Жақсы жаман күн сүріппіз.

Бірақ әке сенсіз өткен .

Әрбір ақ таң тым сұрықсыз.

Құбылмалы қу тіршілік,

Алдап көңіл арбап ойды.

Жүрегінде әрбір жанның,

Бейнең әке қалып қойды.

Елес боп қана есіме түсіп.

Қия алмай қарап бейнеңді,

Анамда жылап қамығат әке.

Сәт сайын қарап қорада тұрған,

Сабынан сынған сүименді.

Сағыныштан жыр төгілген,

Алыстағы ерке ұлыңның.

Жыр жолдары жеткізеді

Сусап қалған қам көңілін.

Тұлпар орнын тай басады,

Туар әлі жарық күн.

Ізіңді басқан ерке құлының,

Мақтаны болар халықтың .

Қыстаубай Алтынбек Сейілханұлы  Ақтөбе қаласы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ