Туған жер туралы өлеңдер

туған жер туралы өлеңдер.

Қазақстан
Ойласам өткен күннің белестерін,
Келеді көз алдыма өткен күн елестері.
Қалайша бұл дүниеде өмір сүрем,
Білмесем туған жердің тарихын мен?!
Өтті ғой қанша уақыт, кетті ғой,
Кетті ғой жазықсыз жандар қырылып.
Ашаршылық қазақ жерін жаулады ғой.
Надандықтан болды ма, білмеймін.
Ұлдарын құл, қыздарын күң деп көрмеген,
Жерлерін жауларына бергізбеген.
Байтақ жерді сақтап қалған бабаларым,
Болашақты алдын ала болжаған ғой.
Көнбеді ешбір қорлыққа қазағым,
Жүректегі алаулар өшпейді.
Үлес қоссам елімнің көркеюіне,
Мәңгілік Ел боп қалсын әрқашан!
Зеннат Аяулым
***
Сұлу біздің Қазақтан
Өзен, көлдер қандай сұлу, тамаша
Көз тартады бұл көркіңе қараса.
Жасыл желек төселіп тұр бұл жерде,
Жайнап өскен гүлдері бар өзінде.
Көркейеді күннен-күнге жыр-Отан,
Өркендейді Республикам Қазақстан.
Көк аспанға желбіретіп көк туын,
Мақтан етіп, шаттанамын күлімдеп.
Ыстық маған сенің өзен-көлдерің,
Ыстық маған сенің асқар тауларың.
Ыстық маған сенің айтқан әндерің,
Ыстық маған сенің сұлу бақтарың.
Зеннат Аяулым
***
Тәуелсіз ел боп атандық
Тәуелсіз Қазақстан елі атанып,
Болдың ғой егеменді, теңдік алып,
Мерекең құтты болсын, менің елім,
Арман еткен мәңгі бақи бабаларым.
Ыстық маған қазағымның тағдыры,
Құрметтеймін елді қорғаған батырларды,
Қиын жолмен келді бізге еркіндік,
Айрылмаймыз бостандықтан мәңгілік.
Көк байрақты желбіретіп аспанға,
Бермеспіз ел намысын ешбір жанға.
Елім өсіп, жыл сайын қанат жайып,
Құлпыра бер, Отаным, мәңгі жайнап.
Иврай Қымбат
***

Туған жерім
Қазақстан-киелі менің мекенім,
Күннен күнге көркейе бер, байлығым.
Нұрсәулелі, тәуелсіз туған жерім,
Мәңгі бақи болсын ашық аспаның.
Қазақстан дархан, әсем елім,
Сенсің менің қуанышым, шатттығым.
Мақтанышпен сен туралы айта алам,
Қазақстаным үшін әрқашан шаттанам.
Иврай Қымбат
***
Тәуелсіздік
Қазақстан көк байрақты ел едің,
Тең келмейді, табиғатың сан түрлі.
Қанша өзен, көлде құсың сенде бар,
Байлығың сенің бар әлемге танымал.
Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,
Елімізді тар құрсаудан босаттық.
Тәуелсіздік үшін күрескен жастардың,
Отан үшін табандары тозбады.
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Бұл күн бізге оңайлықпен келмеген,
Халқымыз аман болсын деп тілеймін.
Ашық аспанда ұшып жүр қыран құсымыз
Бейбіт өмір сүріп жатыр еліміз.
Бүгінгі күн бас қаламыз көркейді,
Әсем, биік ғимараттар бой түзейді.
Қазақстаным, сүйем сені әрдайым,
Ұмытылмас сенің бастан кешкенің.
Кетсем де мен басқа елге өскен соң,
Жүрегімде жыр боп қаласын мәңгіге.
Қазақстанды асқақтаймыз, жырлаймыз,
Биіктерге жете берсін әлі де.
Қазақ елі! Қазақ жері!-деп ұрандаймын,
Өлеңімді халқыма мен арнаймын.
Мукатаева Теа
***
Қазақстан
Елім менің -Қазақстан,
25 жыл толды бүгін оған.
Көк байрақты туын желбіретіп,
Мақтанышпен ән арнаймын оған.
Есте сақтап ата-баба ерлігін,
Орындалды бүгін сенің тілегің.
Отан үшін су мен от кешкен үшін,
Бас иемін, тағзым етем бүгін мен.
Өмірбек Айғаным

***
Мұғалімі: Кабдылуахитова Гульмира Ермековна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мортық орта мектебі
Уәлиханов ауданы, СҚО

Пікірлер4
  1. жайнагул

    Туған жердей жер болмас
    керемет жазылған

  2. Оразамбаева Айжан

    Өлеңдер өте тамаша жазылған! Туған жер — тұғырың,
    Туған ел — қыдырың. дейді атам қазақ

  3. Ырысжан

    Бұл өлеңдер өте жақсы жазылған.Бұл өлеңдерді оқи отырып туған жерің есіңе түседі Туған жердің түтіні ыстық

  4. САМАЛ

    «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деп тегін айтылмаса керек. Әрбір Отан ұғымының қадірін білетін, туған жер сөзінің терең мағынасын түсінетін азамат үшін кіндік қаны тамған топырақ киелі де қастерлі.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ