Тәуелсіздік жырлары

Тәуелсіздік мерекесіне арналады.

тәуелсіздік тақпақтарАстана

Астана-болашақтың қаласы,
Астана-шаһарлардың дарасы.
Жайна,гүлден мәңгілік,
Өзгерткен елдің санасын.

Алгүл Сәдуақас
5-сынып оқушысы

Жиырма беске толды бүгін өз елім,
Талай азап,қиындықты өткердің.
Көтер басты,түсірмегің еңсеңді,
Өсіп келед ұландарың белсенді.

Нық сеніммен қадам басам алға мен,
Шүкіршілік,қанағат қылам барға мен.
Ашық аспан,көкте қыран самғаған,
Міне,менің ЕГЕМЕНДІ ӨЗ ЕЛІМ!

Нұрсұлтан –біздің елбасы,
Елдің қамын ойлайды.
Алғашқының алғаны
Жасасын «ҰЛЫ ДАНАСЫ»!

Шадияр Тельман
3-сынып оқушысы

Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мейрамдардың мейрамы,
Бұл ғаламат неткен күн.

Айдынбек Нысан
3-сынып оқушысы

Нұрсұлтандай елін сүйген ер барда,
Ұлан-ғайыр,байтақ мынау жер барда.
Неге қазақ түсіреді көңілін,
Ашық аспан,желбіреген ту барда.

Ойлан қазақ! Жабырқама текке сен,
Қара мына күлімдеген көкке сен.
Тәуелсіздік таң шапағы атқанда,
Зор үмітпен болашаққа қара сен!

Болашағың болар сенің мәңгілік,
Жас сәбилер тұрар онда паң күліп
Аналарға мәңгі ғұмыр сүргізер,
Болсын шіркін бір керемет жаңғырық.

Жер бетінде болмаса екен балалар мен қарт үйі,
Әр отбасы сақтаса екен жай- күйді.
Елін,жерін қорғайтын ұлдар барда,
Мұңаюға хақың жоқ, ҚАЗАҚ

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Балжан

    Керемет өлең шумақтары?Жарайсың?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ