Сіз білесіз бе?

Сәлеметсіздер ме, құрметті Еркетай!

Менің есімім – Динара. Мен Тараз қаласының тұрғынымын. «Сіз білесіз бе?» деген тақырыпты таңдаған себебім, екі балапанның анасымын. «Балалы үй – базар» демекші, отбасымызда күнде бір күлкілі оқиғаға тап болып жатамыз. Тұңғышымның есімі – Нұрдәулет, еркелетіп — Даука дейміз. Екінші – Қасымхан, оны – Кашон немесе Қасым дейміз.

Бала тілі бал, балалар әңгімесі, балалы үй базарБір күні мен жұмыстан келіп, отбасыммен шай ішіп отырған болатынмын. Өздеріңіз білетіндей, ата – енемен тұрғаннан кейін бала «Атамның баласымын» дейді. Сол кеште мәселе тағы да дастарқан басында көтерілді.

Қасымға: « Кімнің баласысың?», —  деп сұрақ қойды атасы. Ойланып, барлығымызға көз жүгіртіп: « Бірінші – атамның баласымын» деп жауап қатты. Атасы мәз – майрам. Бір уақытта «Екінші….», деп тұрып: «Әкемнің» деп жауап айтқанда, атасы үстелден құлай жаздады. Одан қалса маған қолын шошайтып: « Мынаның жай ботасымын» деп барлығымызға күлкі сыйлады.

Әрине мұндай күлкілі оқиғалар өте көп.  Сіздерге алдын – ала  рақметімді айта отырып, творчестволық табыстар тілеймін.

Пікірлер2
  1. Абылайхан

    керемет оте жаксы маган унады

  2. Айнур

    Балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ