Шырайлым Шұбайқызылым


Erketai / Сен.12.2014. / Пікірлер жоқ

Көктем. Керімсал самалдың лебімен мамырдың алғашқы аптасында, таулы аймақ  жұпар исін әтірдей шашып, тотыдай таранып шыға келді. Талай тектілердің исі сіңіп, табанының ізі қалған Түлкібастың келбеті кемеліне толыса қоймаса да, ақ бұлтпен арбасқан ақ шаңқан таудың ажары, ауыздың суын шұбыртады.
Көздің қос қарашығындай Алатау мен Қаратаудың етегіне оранып , деміне балқып тыныстаған Қызыл төбешіктің қызғалдақты аймағына аяқ басқан адамдар,  алған әсерінен жыл бойы арыла алмай жүретін біліп, біз отбасымызбен барып,  көзбен көріп қайтуға жиналдық. Жеңіл көлікпен  жолда келеміз. Кішкентай сіңілім  жолдың ернектерінде   самалмен тербеліп, көздің жауын алатын майда қызғалдақтарды, көліктің әйнегінен анама көрсетіп қуануда.

Мен де жан-жағыма қарап,тамсанып келемін. Құдды қызыл бояуды қолмен шашып жібергендей ме, кейде дала төсіне қалы қызыл кілемдерді жайып тастағандай әсер аласың. Қызыл-сары қызғалдақтар адамды  тамсандырмай қоймайды.  Үлбіреген қауыздарына қонған таңғы шық тамшылары, күн көзіне шағылысып ақ күмістей жалтылдайды. Шұбайқызыл  атам заманнан қызғалдақтың отаны атанған жер. Содан бері жылда көктем келген сайын қызғалдақтар өсіп шығуда.  Малдың аузынан, адамның уысынан аман қалып, дәнін төгіп қайта көктеп жатады. Кеңестік дәуірдің кемесі қайырлағалы бұрынғы аты өзгерді. Түлкібастың кез келген жері –жерұйық. Бірақ, Оқушы шығармасы, Шырайлым Шұбайқызылым,балалар шығармашылығы

Шұбайқызылдың шырайына малынып, қан қызғалдақтарына көз қарытқан қандай ғанибет десеңші. Жұтынған әлемнің демін жұтсаң тоймайсың. Шұбайқызылдың табиғатына  тамсанып , қиялдап отырғанымда қалай жеткенмізді байқамай да қалыппыз. Әне-міне, дегенше діттеген жерімізге жетіп те қалдық. Жеткен соң біршама әлденіп,тамақтандық.Әкем мен анамның  жүздері жайдары.Таза ауа,айналадағы жайқалған әсем гүлдер,құстардың әдемі үні, шегі мен шетіне көз жеткізбейтін  тұйық гүлді дала .  Ашық аспан,жан-жақтан естілетін сылдыр қаққан бұлақтың дауысындай сыңғырлаған  қыдырған қыздардың  риясыз күлкілері көңілге шаттық сыйлайды екен. Бауырларым қызғалдақ термей саусақтарымен сипалап, мәз-мейрам болып жүр. Қуаныштарында шек жоқ. Мен де сансыз қызғалдақтар арасына бардым. Тізеге жететін қызғалдақтардың үлкендігіне алақан толады. Шіркін, неткен сұлулық! Үлбіреген болмысы  биязы қазақ қызының мінезіне ұқсайды. Үңіле қайта қарадым. Еліктің тамағындай бүлік-бүлік еткен гүлдің қауызына еміндім. Қос қанатын кезек –кезек қомдаған көбелек секілді. Жүрегім елжіреп кетті. Дірілдеген сабағына қолымды созып тұрып, қайта тартып алдым. Мен де көңіл көтеріп, қызғалдақ тергім келді. Үлбіреген қауызына қарап едім. Жүрегім дүрсілдеп аузыма симай кетті.Жұлуға қолым бармады. Үзуге қимадым.

Тілдан Мадина

Арыс қалалық Ж.Байғұттиева атындағы

өнер мектебінің оқушысы

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!