Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан

Қазақстан – тәуелсіз, азат елім,
Кең байтақ, қасиетті туған жерім.
Таңдай қағып, бар әлем тамсанатын,
Құдіретіңнен айналдым, асыл елім.
Туған жерім Қазақстан,
Жасай бер мәңгі жас Отан!
Қазақстан мемлекеті – тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып ХХІ ғасыр табалдырығын сеніммен аттады. Ел өз қалауымен президент сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның жаңа астанасы – Астана күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Біздер – өлкемізді көркейтіп жақсартатын халқымыздың болашағы, жалғасымыз. Қазақстан республикасындағы ел болашағы – жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Мен қазір рухани және экономикалық жағынан қарыштап өсіп келе жатқан елде өмір сүріп жатырмын. Қазақстан жастары білімді, инабатты болуға тиісті; шетелдердің ғалымдарынан кем түспей, өздері алған білімдерін іске асырулары, өз халқының болашағы үшін аянбай еңбек етуге міндетті. Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер, мен сенің тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңның бірімін!
Қазақстан туралы шығарма.

Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан

Солай-солай тәуелсіз боп танылып,
Қазақ елі бір ортаға бағынып.
Біресе тіл, біресе ойлап халықты,
Өткізіппіз 25 жылды сабылып.

Аз ба, көп пе бұл сындарлы кезеңдер
Жақсы істерге әркез халқым елеңдер.
«Елу жылда ел жаңа» боп өзгеріп,
Қазақ елін танытты алмас берендер.

Көкке өрлеп, қазағымның байрағы,
Қатар тұрып, өзгелермен жайнады.
Білім туын биік ұстап жоғары,
Алға ұмтылған жастарым да жайдары.

Өнерде де, спортта да бар табыс,
Ең бастысы – бар жастарда ар-намыс.
Бұл заманың білімділер заманы,
Ел таныған мықтылар да бар нағыз.

25 жылдық тәуелсіздік қарсаңы,
Қуандырды үлкен-кіші, баршаны.
Тәуелсіз ел 25-ке кеп есейді,
Нығаюда кеңге жайып арқаны.

Мектебім бар білім берген сапалы,
Естілуде әр тарапқа атағы.
Бір жыл бұрын Горький аты өзгерді
Танымал тұлға Жамбыл Ақылбаев сынды ағаға.

Қазақстанның мен де бір едім бөлшегі,
Жас ұрпақтың да еленер әр кез өлшемі.
Сөз әлеміне үлес қосар жанашыр,
Баласы едім ақынға теңеген ел сеніп.

Тәуелсіз елдің ұланы едім бақытты,
Өзіңнен өзге тілемес едім жақұтты.
Тәй-тәй басып сен 18 жасқа келгенде,
Дүние есігін мен үшін айқара ашыпты.

7 жастамын, тәуелсіз елге иемін,
Туған елім, Қазақстаным киелім.
Арманым асқақ, талабым таудай биік-ті,
Өзіңді мәңгі пәк жүрегіммен сүйемін.

Шарықтады шыңға ұмтылған қазағым,
Тарқамасын несібең, бақ-базарың.
Мен де балаң болашаққа қол созған,
Өзіңе арнап жыр шумағын жазамын.

Қуаныштан діріл қағып, лүпілдейді жүрегім,
Құтты болсын 25 жылдық тәуелсіздік – тірегім.
Достығымыз жарасқан алыс-жақын елдермен,
Ғұмыры ұзақ, мәңгі болсын, мәңгі болсын тілегім!

Қарағанды облысы, Шет ауданы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 1-сынып оқушысы Рымқұл Расул.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Инкарим

    Мақала жақсы бағытталған. Себебі баланың бойына жеңіл тілмен болсын Мемлекетіміздің бейбітшілігі оңай қолға түспегендігін түсіндіру бізге шарт.

  2. Айгерим

    жарайсың,керемет екен!Еліміз аман,жүртымыз тыныш болғай.

  3. Қарлығаш

    ӨЛЕҢ КАТТЫ УНАДЫ ЕЛІМІЗДЕ ТЫНЫШТЫК БОЛСЫН

  4. Сабира

    Осындай өлеңдерді біздің оқушыларымыз да жіберіп тұрса, қандай керемет бла!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ