Рахымның өлеңдері


Erketai / Янв.2.2015. / Пікірлер жоқ

olender-balalarga

Атырау облысы, Исатай ауданы , Жанбай ауылы Х.Наубетов атындағы орта мектебінің 4«д» сынып оқушысы
Айтмухамет Рахымның өз шығарған өлеңдерінің бір тобы

Қолына қалам ұстап, өлең жазуға талпынған жас шәкірт Рахымның алғашқы қадамы

Туған жер
Туған жерден алыстағым келмейді .
Туған жерім гүлдерім
Сүйемін туған жерімді,
Мақтанамын сенімен
Туған жер алтын бесігім
Туған жер алтын мекенім ,
Ақ жүректі ,
Алтын бесікті туған жер.
Есімнен кетпейді туған жерім,
Туған жерден мәңгілік нәр аламын.
Туған жер неткен ыстық екен өзі.
Тербетеді мені ?зі осы жер.
Табиғаты көркем, ауасы таза туған жер.
Қыс
Қыс келді ,Алақай,
Айналада аппақ қар.
Бір топ бала қуанып,
Үйден шықты жүгіріп,
Қыс қызығы басталды,
Балалар да мәз- мейрам,
Бірі шана әкелді,
Бірі өзі бос келді .
Бірігіп бәрі ойнады.
Қар қызығын тойлады.
Аққаланы жасауға.
Кірісіп кетті балалар.
Бірі басын жасады,
Бірі кеудесін жасап жүр.
Біреулері қызықтап тұр.
Шанасын сүйреп, Асан келді,
Менен қандай көмек деп,
Балалардан сұрады.
Ал балалар,енді міне қараңдар,
Аққаламыз дайын тұр,
Айнала шауып ойнайық,
Қызығына бір тоймайық!
Қыс қызығы осындай!
Күз келді
Қыркүйек келді, күз келді,
Шөптер қурап ,жоқ болды.
Ағаштардың түсі сарғыш тартты,
Жапырақтар самал желмен сыбдырлап,
Жерге түсті сап -сары боп жалтырап,
Ағаштардың маңы жайылған
қоңыр , сарғыш кілемдей.
Сұр бұлттарын алып кеп,
Жаңбыр жиі жауады.
Күн қысқарып, түн ұзарып барады.
Құстар топ-топ болып жиналып,
Жылы жаққа ұшады.
Күз осындай болады.
Гүлдер
Әртүрлі гүлдер жайнап тұр.
Қызыл, сары , көп гүлдер.
Таңмен бірге оянып ,
Тазартып тұр ауаны.
Кең даланың сәні екен,
Қызыл, жасыл , көк гүлдер.
Гүлдер ,гүлдер көп түрлі,
Тұра берші нұрланып.
Керегінде гүлдердің үзіп алдым екеуін ,
Сыйлайын деп анама.
Гүлдер ,гүлдер көк гүлдер.
Тұра берші сән беріп,
Сол тұрғаның ұнайды.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!