Отан – отбасынан басталады

Менің Отаным – Қазақстан. Біз Отанымызды жақсы көреміз. Әр адамның Отаны өзіне ыстық, жақын. Отаныңды қалай жақсы көрсең отбасында солай жақсы көру керек және әр адам Отаны мен отбасына адал болу керек.

Мен Отаным мен отбасымды жақсы көремін.
Отбасымда бес адам бар. Олар: асқар тауым — әкем, жан ашыр – анам, екі бауырым – сіңлілерім және өзім. Екі сіңлім егіз: Амина және Алина.Олардың жастары алтыда. Биыл бірінші сыныпқа барды. Ал, өзім жетідемін. Мен екінші сыныпта оқимын. Әкем мен анам бізге «Тәртіпті болыңдар. Жақсы оқыңдар. Еліміздің болашағы сендерсіңдер.» — деп айтып отырады. Біз әкем мен анамның айтқандарын тыңдап жақсы оқуға тырысамыз.

Мен, әкем мен анамды дүниеге әкелген әжеме, мені және екі сіңлімді өсіріп отырған әкем мен анама, бізге жазу мен оқуды үйреткен ұстазыма, келген Жаңа жылға және әсем де, байтақ әрі бай Отаныма алғыс ретінде өлең шығардым. Жанымызға жақын адамдарды аялайық. Отанымызға адал қызмен жасайық және жақсы көрейік.

Отан және отбасы

Әжеме
Әжем менің дара ай
Әжем менің анамдай
Әжем менің қамқоршым
Әжем менің ақылшым.

Әкеме
Әке, әке, әкешім
Үйретесің ғылымды
Күлімдейсің өзің де
Жетелеші әкешім.

Анама
Ана, ана, анашым,
Сөз үйреткен данасың
Өсемін мен қамқор боп
Жетелей бер , анашым.

Ұстазыма
Ұстазым менің мейірімді
Үйренемін білімді
Алға қадам бастырған
Оқу білім ұқтырған

Жаңа жыл – 2017
Жаңа, жаңа, жаңа жыл
Келді, міне, Жаңа жыл!
Той тойлатып, жаңа жыр
Қуантшы бізді Жаңа жыл!

Астанама
Астанам менің ар қалам,
Астанам менің бас қалам,
Астанам менің ажарым
Қазақстан менің Отаным!

Астана қаласы №72 мектеп-лицейінің  2 «Ғ» сынып оқушысы: Ақылбекқызы Асылай

Пікірлер21
  1. Баян

    Жаксы әр бала өз отбасын білу керек

  2. Зине

    Отан отбасынан басталатын осы тақырып патриоттық сезімдерін оятады

  3. Алтынай

    Жарайсыңдар! Балапандар өнерлерің өрге жүзсін!

  4. Инкарим

    Баланың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру әрбір ересектің Отан алдындағы міндеті деп білемін. Мақала жақсы бағытталған.

  5. Шолпан

    Тақырыптың өзі қандай ыстық. Балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, құрметтеуге тәрбиелейді. «Отан отбасынан басталады»
    Әр отбасы балаларына үнемі Отанын құрметтеуге шақырса қандай керемет.

  6. Айгерим

    Не деген сөздер! Балалардың ойлауы, сипаттауы өте дамыған екен. Таңқалдым, жарайсыздар!

  7. Камшат

    Кішкентай бүлдіршіндер талаптарыңа нұр жаусын!!!

  8. Айгерім

    Өте керемет. Әр бір балаға осылай кішкентай кезінен үйретсек, олар өскен кезде өз Отанын қорғайтын батыл да мықты азамат болып өсері мәлім.

  9. Мейримхан

    Отан отбасыннан басталады. Ата ана дұрыс тәрбие бере білсе, мұғалім ол тәрбиені тек арта түседі!

  10. Roza

    отбасы қандай тату болса отанды да сондай жақсы көреді

  11. Турганым

    отбасыдағы әрбір адамды өз ара құрметтеудің өзі бір мәртебе…..

  12. Айгерим Тогисова

    Қадамыңа гүл, жүрегіңе нұр, көмейіңде жылы сөздер ұяласын, жас қаламгер!

  13. Ырысжан

    Отан Отбасынан басталады дейді Әр адам үшін өз отбасы маңызды.Бұо мақала өте керемет жазылған Маған ұнады?

  14. Алия

    Туған ел туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелейтін такпактар жинағы екен жарайсын кишкентай ботакан

  15. Майра

    Отан отбасынан басталатынын әр балаға кішкентайынан айтып, меңгертіп отыруымыз керек. Сонда ғана баланың ата анасына, ата әжесәне, апа аға, іні қарындасына бауырмал боп, кішіпейіл боп, отбасына жанашыр азамат болып өседі. Керемет, осындай мақаламыз көп болсын,

  16. Арайлым

    Керемет кішкентай болса да сондай әдемі жазған

  17. Жансулу

    Отан отбасынан басталады
    Керемет дүниелер жасағансыздар
    Рахмет сіздерге

  18. Нарат Мейірбан

    өте керемет. еңбектеріңіздің жемісін көріңіз

  19. Гулим

    керемет! Кішкентай болсада өлең шығарады,Жарайсыңдар!

  20. АРАЙЛЫМ

    Отан отбасынан бастау алады! Осы тұста бұл тақырып баланы отансүйгіштікке тәрбиейтін тақырып деп білемін!

  21. Насиева Фая Хисметуллаевна

    Кішкентай Ақылбекқызы Асылайдың жазған шығармасымен әрі өлең жолдарын оқып таң қалдым.
    Шығармада өз Отаны мен өз отбасына деген ыстық ықыласты көрсетіп жазған.Әрбір өлең жолдарын оқып қарасан Отанына,ата-анасына,ұстазына ,мейірімділікті,сүйіспеншілікті,қамқорлықты және балалық шақта аяз ата мен ақшақар сыйлық әкеліп қуантатын жаңа жылға деген қуаныш сезімін байқауға болады.Кішкентай кезінен ақындық қабілеті бар баланың болашағы зор.Асылайға алдағы уақытта биік шыңдардан көрінуіне тілектеспін.Маған өте қатты ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ