«Өнерлі өрендер» Абайханов Аланның шығармалары

Каменка орта мектебінің 3-сынып оқушысы Абайханов Аланның шығармалары

Ұстазы: Алымханова Салтанат Кабдылкамитовна

Өлең шумақтары

Тәуелсіз Қазақстан!

Күллі әлемге танылған,
Еліміз бар тәуелсіз.
Қырандайын самғаған,
Халқымыз бар тәуелсіз.
Қарыштаған елімнің,
Болашағы зор болсын.
Жеткіншегі елімнің,
Армандары көп болсын.
Тәуелсіз Қазақстан!
Мәңгіге болады.
Тәуелсіз Қазақстан!
Бірінші болады.

******************

Астана көрікті,
Халықтар көңілді.
Дами берсін еліміз,
Аман сау боп жеріміз.

***************
Көңілді балалар,
Табысты адамдар.
Біздің ел бақытты,
Біздің жер қуатты.

***************
Үлкендерге жол бергенің,
Кішіпейіл болғаның.
Кішілерге қамқор болғаның,
Жақсы адам болғаның

onerli-orender-abaihanov-alannin-shigarmalari

Мақал-мәтелдер

Ауасыз өмір жоқ,
Сусыз күнің жоқ.

Мақтанба қайғырасың,
Өсектеме айырыласың.

Жалқауға жол берме,
Адалды кеудеден итерме.

Қиялға сенбе,
Арманға сен,

Еңбекке құмар бол,
Жалқаулыққа азар бол.

Қорқақ болсаң қаш,
Батыл болсаң бас.

Еңбекшіл құмырсқаға ұқсайды,
Жалқау шегірткеге ұқсайды.

Еңбек байлықпен тең,
Жалқаулық қайғымен тең

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Loading...
Erketai / Мар.2.2015

комментариев 5 Пікір қосу

  • Жазган олендер мен макалдарын от магыналы. Отансуйгиштигинди корсетип тур. Осы жолдан тайма. Талабын таудай болып, онерин оркендей берсин.

  • Кішкентай Алан өнерің өрге жүзсін!

  • Тәуелсіз Қазақстан! Тақырыбын дұрыс таңдап алған кішкетай патриот Алан мен ұстазына үлкен рахмет! Өнерің алға бассын Алан!

  • Елімізде нағыз патриоттар бар екеніне сендіретін сөздер. Мемлекетіміздің болашағын осындай жігіттер жасайтынына сенімдімін. Аланның осы қабілетін көріп, ниетін ашуға көмек жасаған ұстазына алғысымызды білдіреміз.Алан тек қана алға!!!Жарайсын балам!!!

  • Тақпақтарының мазмұны терең ашылған,ұйқасы жақсы,баланың шығармашылық қабілеті зор екені көрініп тұр.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!