Өнерлі өрендер №9 (балалар шығармашылығынан)

Шонжар Ақерке Еркінқызы
Қызылорда қаласы, Абай ауылы
№138 Абай орта мектебі
Дайындаған: Байсынова Ғазиза Балтабекқызы

Әнім етіп айтайын
(Абай атаға арнау)

Имандылық, ізеттілік бойыңда,
Ғылым менен білім болды ойыңда.
Дөрекі сөз, өтірікті ұнатпай,
Арсыздарды шақырып ең тойымға.

Шығыс пенен Батысты да игердің,
Мақтан қылып,өсек сөзге ермедің.
Әділдіктің таразысын тең ұстап,
Болыспын деп көкірегіңді кермедің.

Бес нәрседен қашық қылдың адамды,
Білімменен жоймақ болдың наданды.
Бес асылды серік қылып жаныңа,
Қолға алып қару еттің қаламды.

Абай деген атыңа сай затың да,
Үлкен мұра қалып еді артыңда.
Әнге қосып мен де сені айтайын,
Жүрегімен жырлап еді халқың да.

***

Балалар шығармашылығынан
Қазақ деген ұлы ел!

Қазақ деген ұлы ел,
Өзіне Аллам болсын жар.
Тамырын терең жайған кең,
Ұстанған әдет-ғұрпы бар.
Намысы текті қазақтың,
Найзағайдай ойнайды.
Жігер беріп жаныңа,
Алып күшін жоймайды.
Шолып өттім көзіммен,
Айтады тарих біраз сыр.
Жүрегім әнге қосады,
Ерлігін бабам қылып жыр.
Қиындығын көрген сабақ қып,
Істерін ұлы сөз еттік.

Аңсаған ата-бабамның,
Тәуелсіздігіне де қол жеттік.
Бодандыққа бағынбай,
Тауқыметін заман тартты елім.
Босанып шығып сұмдықтан.
Бостандық дәмін татты елім.
Қыраны көкте қалықтап,
Қырағы көзбен қарайды.
Күн нұры төгіп сәулесін,
Жер анаға тарайды.
Жиырма бес жыл болыпты,
Егемен менің еліме.
Әнұраным тербеп даламды,
Тыныштық болсын жерімде!

***
Ақылшым — ана өзіңсің!

Шуақ нұры төгілген,
Әрдайым ана жүзінен.
Жылылық лебі сезілген,
Айналған мені сөзінен.

Шаттыққа бөлеп ғаламды,
Бала ғой айтар ән-жырың.
Көңілің ана алаңды,
Аян ед саған бар сырым.

Өзіңді ойлап тұрамын,
Мектептен үйге келгенше,
Қоярға көп қой сұрағым.
Өмірдің сырын білгенше.

Асқар тау әкем жанында,
Аққан бұлақ ана өзіңсің.
Өрісім сенің маңыңда,
Ақылдың кені,көзісің.

Күндерім толы шаттыққа
Уайымсыз бала өмірім.
Жүз жаса десем артық па?
Жасарып ана көңілің.

Өнерлі өрендер №8 саны (балалар шығармашылығынан)

Пікірлер1
  1. Сагила

    Жарайсыздар! Жақсы өлең жолдары

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ