Оқушылардың тақпақтары

Әр оқушы-жеке тұлға. Бәрінің де арманы жақсы оқысам,биіктен көрінсем деген асқақ ойлары бар. Ал ,олардың әрбіреуімен пікірлесіп,ақылдасып,жұмыстансақ барлық оқушы да талантты. Мен жетекшілік ететін 3 «Ә» сыныбында 21 оқушы бар.Оқушыларым шеттерінен өнерге бейім. Өздерінің жұмыстарының нәтижесін көрген сайын қызығушылықтары арта түседі. Ата-аналары да қолдайды. Уақыттарын бос өткізбейді. Әдебиет,қазақ тілі сабақтарында да ,тәрбие сағатында да бес-он минут уақытымызды шығармашылыққа арнаймыз. Сайыс,байқаулардан алдымызға жан салмаймыз.Жеңіске жетіп,алғыс хаттармен марапатталып жүрген оқушыларым көп-ақ. Балаларымның мақалаларын газет,журнал беттеріне жазып жариялап жүрмін.Өткен аптада жазған өлең жолдарын енді  Еркетай сайтына жолдағалы отырмын.

оқушы өнері.

Мен бақытты баламын
Арманы биік баламын,
Ұстаздан үлгі аламын.
Азамат болып ,ер жету-
Ең негізгі талабым.
Ербол Азамат Аманбайұлы
Жасы 8-де

Анам менің
Жақсының ісін үлгі етіп,
Жамандықтан жирентіп
Қара шашы ағарып,
Түнде сергек оянып,
Баласы үшін алаңдап,
Безек болған жан анам.
Жақсы ісіме қуанып,
Маңдайымнан иіскелеп,
Қуанатын жан анам,
Сені мәңгі әрқашан
Сүйіп өтем жан анам!
Анам менің өмірде
Әлемдегі жақсы адам.
Канатбаева Алтынай Ерлановна
Жасы 9-да.

Досым
Ойымды бірден түсініп,
Айтып қояды досым.
Сырласым да ,көмекшім
Алдияр нағыз досым.
Екеулеп бірге қыдырып,
Баққа бірге барамыз.
Отбасыммен қыдырып
Ата-анамыз да жұптармыз.
Қызығып бәрі біздерге
Дос болсын осындай дегені.
Достарым көп өмірде
Адал достық керегі
Жасай берсін мәңгіге!
Фазылов Даниэль Бауржанович
Жасы 9-да

Отан
Қазақстан -Отаным
Гүл жайнаған әлемі.
Отанымды сүйемін
Табиғаты әдемі.

Кең байтақты даласы,
Орман,тоғай ,қаласы.
Шипа болар адамға
Таулы аймақты панасы.
Қуанышқали Илияс Мұхтарұлы
Жасы 9-да

Қамқор баламын
Өзімнен кішіге
Қамқор боламын.
Үлкенді тыңдап,
Құлақ саламын.
Ізеттілік көрсетер
Әдепті баламын.
Анам мен әкеме
Қамқоршы баламын.
Зинулла Әли Ринатұлы
Жасы 9-да

Сандибаева Жаннат Калидоллаевна
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы
№4 ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер5
  1. Алия

    Қазақ тіліндегі үздік өлеңдер жинағы керемет. Кез келген тақырыпқа арналған өлеңдер де бар екен.

  2. Сагила

    Ерекше тақпақтар. Көп жерде жарияланбаған екен. Жарайсыздар!

  3. Жансулу

    Балаларға арналған өте жақсы тақпақтар беріліпті
    Жарайсыздар

  4. Замзагүл

    Балаларға арналған жақсы тақпақтар жиыны екен

  5. Толқын Жұмабаева

    Мектеп оқушыларына керек жақсы дүние екен. Еркетайға рахмет.еңбектеріңіз жана берсін.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ